№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Елің құтты болса, бағың тұрақты болады

Елің құтты болса, бағың тұрақты болады

«NurOtan» партиясының аудандағы филиалы қалыптасып, дамуында Изатулла Нәрзілдаевтің еңбегі орасан. Бас партияның құрылған алғашқы жылдары ол аудандағы филиалын басқарып, партияның халықшыл бастамаларын насихаттап, жүзеге асуында белсенділік танытты.
– Партияны құру оңай шаруа емес. Қалыптасу кезеңі жайлы айтсаңыз.
– 1998 жылы қазан айында Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсету қоғамдық штабы өз жұмысын бастады. Сайлауалды науқан кезінде штаб белсенділігін көрсетті. Бұл бағытта белгілі мемлекет және саяси қайраткерлері Сергей Терещенко, Григорий Дунаев, Хайыржан Тақуов белсенділігімен көзге түсті. Дәл осы кезеңде қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру идеясы туралы пікірлер айтыла бастады. Осыған байланысты 1999 жылы 19 қаңтарда арнайы отырыс өтіп, қоғамдық штабты «Отан» республикалық саяси партиясы» ретінде қайта құру туралы шешім қабылданды. 1999 жылдың 12 ақпанында партия Әділет министрлігіне тіркелді. Осы дата партияның жұмысы басталғаны ретінде тарихқа жазылды. 1999 жылдың 1 наурызында партияның І құрылтай съезі Алматы қаласында өтіп, ауданнан делагат ретінде бардым.
Онда Нұрсұлтан Назарбаев партияның Төрағасы болып сайланып, құрамы бекітіліп, партияның Жарғысы қабылданды. Осы жылы партияның аудандық филиалына төраға ретінде қызметке кірістім.
– Ауданда партияның филиалын құрудың өзіндік қиындығы болған шығар? Сол жайында ой бөліссеңіз.
– Партияның бағыт-бағдарын түсіндіру, халыққа насихаттау үшін партияға жаңа мүшелер тарту жұмысы алда тұрды. Зиялы қауым өкілдері Зинабдин Шермағамбетов, Мұзарап Махмұдов, Мәжит Ташимовтармен бірге ауыл ауылдарды аралап, тұрғындармен, ауыл ақсақалдарымен кездесу ұйымдастырып, партияны насихаттауды қолға алдық. Осы жұмыстар өз нәтижесін берді.
– Аудан басшылары қолдау білдірген болар?
– Әрине, халықшыл бастамаларды іске асыруда жергілікті биліктің ықпалы зор. Марқұм Нұрберген Тастаев, сол кездегі аудан әкімі Бекмырза Еламановтың қолдауымен еңсемін көтеріліп, халықшыл партияға айналдық. Оған дейін 5 ғимаратқа көшіп-қонып, әр мекеменің табалдырығын тоздырған едік.
1999-2003 жылға дейін жалақысыз жұмыс істеп, қоғамдық белсенділігімізді көрсете білдік.
– Бастапқыда осы партияның «Отан» деп құрылғанынан бәріміз хабардармыз. «NurOtan»-ға қалай айналды?
– 2006 жылы 4 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Онда «Отан» саяси партиясына Дариға Назарбаева басқаратын «Асар» партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды. Осы жылдың 22 желтоқсанында өткен партияның кезектен тыс X съезінде «Отан»-ның құрамына Азаматтық және Аграрлық партиясының қосылғаны жарияланды. Бұл съезде басым дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшінің атауын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Ал 2013 жылы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының атауы «Нұр Отан» партиясы болып қайта өзгертілді.
– Аға, өзіңіз жоғарыда жалақысыз жұмыс істедік деп айтып қалдыңыз. Алтын уақытыңызды жалақысыз жұмысқа жұмсап, белсенділік танытқаныңызға үйдегілер еш реніш білдірмеді ме?
– Елдің даму жолындағы менің міндетім деп білемін. 2003 жылы штат бөлініп, үш адам жалақымен қамтамасыз етті.
– Бас партияның негізгі бағыттарын атап өтсеңіз.
– Келешектің темірқазығымыз мықты етуде «Nur Otan»-ның бағдары айқын. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы бүгінгі күннің күрделі ахуалына қатысты объективті жауап алатын құжат. Бағдарлама тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді.
– Қазір зейнеттесіз. Сізді қоғамдық жұмыстың бел ортасынан жиі байқаймыз. Бойыңыздағы күш-қуатыңызға тәнтіміз.
– Оның рас (күліп...) Жастайымнан түрлі қызметтің тізгінін ұстап, жауапкершілігі мол жұмысты атқарғаннан болар, үйде қарап отыру маған жат әдет. Қазір Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасымын. Одан бөлек, аудандық ата-аналар комитеті және т.б қоғамдық ұйымдарға қатысым бар. Мұның бәрі қоғамға өз пайдамды тигізу, жастарға үлгі-өнеге көрсету. Меніңше, белсенділік – сергектіктен. Мен салауатты өмір салтын ұстанып, жауя көп жүремін, таңертен велосипед тебемін...
– Сұхбатыңызға рақмет!

Лаура БИБАСАРОВА
27 ақпан 2021 ж. 9 404 0