Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

№86 (8999) 14

14 қараша 2026 ж.

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» киностудиясының басшысы болып тағайындалды

Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» киностудиясының басшысы болып тағайындалды



Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының президенті болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте және бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Қазақстан» РТРК-да түрлі басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы, «Қазақ радиолары» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған. 2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының бас директоры, ал 2021–2023 жылдары «31 арна» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.
18 қараша 2026 ж. 19 0