Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Аузы дуалы, сөзі уәлі

Аузы дуалы, сөзі уәлі

 



Халқымызда осындай ұғым, ұлағатты тіркес бар. Қазақ тарихында, қай заманда, қай қоғамда болмасын жетегінде көрінбейтін жолбарысы бар, төбесінде бұлты бар, аузы дуалы, сөзі уәлі, әрдайым айтқаны болып, көздегені келетін, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс, қасиетті жандар аз болмаған. Міне солардың арқасында қазақ көктеп-көгеріп, ес жиып, егемен мемлекет атанды.
Осы ретте хан Абылайдың түсін жорыған Бұқар жыраудың көрегендігіне тоқтала кетсек. Бұқар жырау: «Шатырыңның алдына келіп шөккен жолбарыс өзіңнің бақ талайың. Сен өзің бір жолбарыс едің. Оның шөгіп, басын көтере алмай жатып алғаны – жетіп жығылған жерің осы болғаны. Енді бақтапайың көтерілмейді. Баяғыдан бері жүріп-жүріп есіп Абылай сартта өліпті дегізбей осы жерден аман-есеніңде қайта ғой. Екінші, аю болғаны – өзіңнен соңғы заман аюша алысып, өтетұғын заман болады. Оның түпкі болғаны – түпкіше бұлаңдап жүріп күнелтетін заман болады. Онан қоян болғаны қоянша кебектен кебекке қорғалап жан сақтайтын заман болады» деген ғой.
Осыдан 300 жыл бұрын Моңке айтқан:
Ала-шұбыр тілің болады,
Дүдамалдау дінің болады
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі, биің болады,
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Өтірік сөйлейтін, екі жүзді інің болады.
Әйелің базаршы болады, еркегің қазаншы болады,
Халықтың қанын сорған надандар болады,
Қабағын түйіп, қайыр тілейтін адамдар болады.
Қазақтың сөз өнерінің киелілігі, кемелдігі сондай, таудай ұғымды бір-ақ сөйлеммен түйіндеп, зердеңізге құйып береді.
Кісіге мінездеме бергенде бір ғана тіркеспен тұлғаның бүкіл болмысын алақанда тұрғандай анық танытады. Мәселен, «Пейілі тар адамның ішінен қыл айналмайды». Қазақ деген халықтың кейде баладай аңғал, кейде даладай дархан, кейде қара дауылдай дүлей, алған бетінен қайтпайтын намысқойлығы қатар қабысқан бітім-болмыстары қаншалықты қарапайым болса соншалықты тұңғиық, терең. Оны кез-келген кілтпен аша алмайсыз. Оны ашу үшін ұлттың коды қажет.
Табиғаттың әлі де адамзатқа белгісіз сырлары көп. Соның бірі – Қыдыр әулие халықта Қыдыр көрген бақ пен дәулетке кенеледі деген сенім бар. Ыбырай Жақаев осындай қыдырға кезіккен кісі болған. Тұла бойы күннің батар-батпас шапағына малынып күріш атызының үстімен кебісі суға тиер-тимес ақ сақалды кісі келіп: шырағым, ырысың осы жерден болады. Аумин! – деп бата беріпті. Сөйтті де ғайып болады. Есін жиса, «Әумин» деп күбірлеп тұр екен. Ыбырай ата бұл оқиғаны ешкімге айтпай, бір сыр етіп ішінде сақтаған. Қыдыр дарыған жердің даңқы туралы әлем таныды. Ал Ыбырай Жақаевтың нақыл сөздері елмен бірге әлі жасап келеді.


«Егінші – мәрт, жер – жомарт», «Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар», «Ел аш болса, тоқпын дегенің өтірік, ел тоқ болса жоқпын дегенің өтірік», «Көз – нұрдың ұясы, көңіл – сырдың ұясы». «Үйдің жылы суығын қыс түскенде білерсің, кімнің алыс-жақынын іс түскенде білерсің», «Жорға мінген жолдастан айрылады, көп жасаған құрдастан айрылады», деген тәмсілдер нағыз өмірдің өзінен алынған даналықпен тең.
Бүгінде желілерде, «Әділ сөз», «тура сөз» деген айдармен айқұлақтанып ақыл айтқыштар көбейді. Айтып тұрғандары қазақтың қаны, халықтың жайы болып көрінгенімен құлаққа өтпейді, жүрекке жетпейді. Құр әшейін сөздің қадірін кетірген айқайшыларға ұқсап жүрегіңді айнытады. Тура сөзді кім айтады, өмірден көрген-түйгені, тоқығаны көп, тарихты таразылай алатын, жақсы мен жаманның аражігін ажырата білер, алдымен өз құлқы таза, ой-мақсаты шынайы апйтас азамат айтады. Оның сөзі өтімді. Тұла бойыңды қан қыздырып, намысыңды қамшылайды. Еріксіз бас идіреді. Тура сөзді айту үшін алдымен Тоқтар Әубәкіров болу керек. Нағыз сөз қуаты деп соны айт. Ал ешкім де болмай тұрып, елге жөн сілтеймін деу жүгенсіздік. Қазақ мұндайды «Өзің қуанасың, кімге пір боласың?» деп бір-ақ сөзбен түйіндеген.
      «Айналайында» не қасиет бар?
Ешбір халықта кездеспейтін «айналайын» деген сөз бар. Атасы келініне айналайын десе төбесі көкке бір елі жетпейді, ері жарына айналайын десе алдын кесе өтпейді, әкесі ұлына «айналайын» десе арқаланып кетеді, анасы қызына айналайын десе құстай ұшып жетеді. Кім болсын, осы бір ауыз сөзге құшта, құмбыл, естігенде жүрегі еріксіз елжірейді. Көңілінде мейірім оянады. Ал енді сіз елді айналған адамды көрдіңіз бе? Елді айналу үшін елдің ағасы, елдің анасы болу аз, халқыңды шын пейіліңмен елжірей сүюің керек. Сол кезде барып жан-тәніңмен айналсаң құба-құп.
Бұқаралық ақпараттандыру қам-қарекетімен мәдени-көпшілік шаралардан қалмаймыз. Сонда байқағанымыз көбіне-көп осынау елдік шаралардың басы-қасынан табылып, тілектестік лебізін арнауға келгенде ақылман аға, құрметті ұстазымыз Зинабдин Шермухамед ағамыздың «айналайынын» естімеген кезіміз жоқ. Осы «айналайыны» ол кісінің мөлдір мейіріммен шыныдай таза көңілмен, кең жүрегімен, бір сөзбен айтқанда, гуманизмге толы болмысымен біте қайнасып, керемет жарасып тұрады. Өйткені Зинабдин аға бұл сөзді жүрегімен айтады, маңдайыңнан сипағандай мейірленіп айтады. Қалың елге сіңірген қызметі оны осындай дәрежесі жеткізген. Сонда бұл «айналайын» деген сөз таудай жалаңдылықты қабылдамайтын болғаны ғой. Елдің алдында тұрмын деп есептеп айтып көріңізші, сізге жараса ма?
Елбасымыз кешегі халыққа жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінде өткен тарихымыздың өнегелі тынысын қайта жаңғырту, оның өзектілігін арттырып, Еуразия кеңістігі мен барша әлемге дәріптеуді ел алдына қойып отыр. Көнерген сөздерімізді тірілту, тарихи дәстүрелірімзің ортақ негіздерін табу, ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күн талабы. Осының барлығында біздің қуатты құралымыз бар. Ол – сөз. Оқырман ойлы сөзден қуат алады.
                                                                                                     Баян ҮСЕЙІНОВА.
16 мамыр 2019 ж. 3 691 0