Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Көшеңізде Жарамазан айтыла ма?

Көшеңізде Жарамазан айтыла ма?

                       
Оразаның тура екінші күні. Кешқұрым қызымды көтеріп, үйге кіре бергенім сол, айғайлап, шуласқан балалардың даусы құлаққа жетті. Есікті ашып қарасам, «Айтайын Жарамазан үйіңізге, ерекше әсер етсін күйіңізге. Алып шық, салып шық, сар табаққа салып шық, сар табаққа сыймаса етегіңе салып шық», – деп жыр жырлаған бір топ бала тұр екен. Көршілердің балаларының жырына аң-таң болып аңтарылып тұрғанымда, қызымның өзі «мама, мама» деп достарына бірнәрсе бер дегендей ыңғай танытты. Жыл бойы естімеген Жармазанды алғаш естіп тұрып, қуанғаным сонша «жарайсыңдар, күнде айта беріңдер, арғы көшелерге де үлгі көрсетіңдер» деп насихат айтып, тәттілерді үлестіріп бердім. Періште жүзді балалар қуанып, шаттанып жинаған дүниесіне мәз болысып, тарқасты. Содан бастап, шүкір біздің көшеде Жарамазан айтылады деп қуанып жүрмін. Ал, сіздерде ше? Көшеңізде Жарамазан айтыла ма?



Иә, Жарамазан – Рамазан айымен тікелей туыстас ұғым. Діни сенімге байланысты ежелден пайда болған тұрмыс-салт жырының бұл түрі қазіргі кезде ұмыт бола бастады. Жылдан-жылға ораза тұтушылар көбейгенімен, өкінішке орай Жарамазан айтушылар азайып барады. Ауыз әдебиеттерін ақтарып қарасақ, бұрындары Жарамазан жырын үлкен-кіші бәрі айтатын болған екен. Ораза басталарданбір күн алдын адамдар көршілерін сәресіне ояту мақсатында үй сыртында тұрып, хормен Жарамазан айтқан. Ал, бүгінде жырды айтушы үлкендердің қарасы да көрінбейді. Анда-санда көше балаларының топтасып жүріп айтқанын көріп қуанып жатамыз.


Жарамазанның сөзі құлаққа жағымды, жақсы тілектердің нышаны болып айтылатындықтан, кез-келген адам баласына ерекше әсер сыйлайды. Сол үшін де үй иесі Жарамазн айтушылардың қолын бос қайтармай, әр түрлі тәтті дәмдерді ұсынып, ризашылықпен шығарып салуы тиіс. Тіпті, кейбір балалар 30 күн ораза аяқталғанша жыр айтып, үйлерді аралап, бұл дәстүрді кәсіптің түріне айналдырып алған.
                                                             Дайындаған Ханзада ДОШАН.
11 мамыр 2019 ж. 1 288 0