№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "ЙЕХУУУУУУУУУУ"

"ЙЕХУУУУУУУУУУ"


  Күліп отырайық
  Жұмыстан соң дүкендерді аралап кеш жүріп қалдым. Аялдамага келіп трамвай күтіп тұрсам, алыстан хихулап айқай салған адам көрінді. Мен қорыққанымнан остановканың ішіне тығылып қалдым. Ақырын қарасам дене бітімі ірі келген ағамыз, сыпырғыны ат қылып мініп алған секеріп шауып менің қасыма келді де маған: "не трамвай жоқпа" дейді. 
  Мен қорыққанымнан дірілдеп
  ЖООООҚҚ дедім.
  Ол: "трамвай енді келмейді, қазір кеш болды, сені мен тегін ақ апарып тастаймын, "бол отыр бензин таусылып қалады" деді.
  Мен: жоқ рахмет, мен жаяу ақ барамын дедім. 
  Ол: "ОТЫЫР" деп ақырғанда қалай келіскенімді білмей қалдым.
  Тағы ойлап қоямын, келісім бермесем қолындағы сыпырғымен басымнан бір ұрса атымды ұмытып қаламын ғой деп. 
  Сонымен мені сыпырғы атына мінгестіріп алып, көшені басына көтеріп "ЙЕХУУУУУУУУУУ" деп айхай салып секіріп, жүгіріп кетті. Мен де секіріп жүгіріп келемін, ол аздай қолымда екі сумкам, ол маған да " ЙЕХУУУУУУУУУУ" айхайлатып қояды. 
Көшеде кездескен бірлі жарым адамдар бізден қорқып қашып жүр. 
  Сонымен не керек үйіме де жеттім ау. Мен сыпырғы аттан түсіп үйге қарай жүгірдім. Уйге келіп, есікті құлыптап, аяқ-қолым дірілдеп отыра қалдым. 
  Күйеуім мені коріп "не болды жаяу келдің ба"? дейді. 
  Мен: "жоқ, жүгіріп келдім" дедім. Куйеуіме болған жағдайды айтып бердім. 
  Ертеңіне есіктің қоңырауы шырылдады, глазоктан қарасам ГҮЛ ШОҒЫ тұр, бұл кім болды екен деп есікті ашып қарасам, кешегі сыпырғы атқа мінген ханзадам тұр.
  Мен есікті жауып үлгермедім.
  Ол гүлін ұсынып, менен кешірім сұрады да неге олай істегенін айтып берді. Ол картадан ұтылып, достарымен спорласып осындайға барған екен.
  Осы оқиғадан кейін кешке көшеде жалғыз жүріп қалсам, жан -жағыма қарап жүретін болдым.
  Тағы да біреулер тегін әкеліп тастап жүрсе.
Авторы белгісіз
13 сәуір 2019 ж. 905 0