№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Көңілге түйгін ақылды

Көңілге түйгін ақылды



Бағалы киім киген келіншек базар маңында жұмыртқа сатып тұрған атаның қасына келді.
-Жұмыртқа қаншадан?
-Бір данасы 30 теңге.
-Қымбат. 19 теңгеге берсеңіз, бәрін алар едім. 
Ата біраз ойланып тұрды да:
-Алсаң ала қойшы, қызым. Мына аяз өңменімнен өтіп барады, оның үсітне таңнан бері бірде-бір жұмыртқа сатпап едім. Тым болмаса нан, сүт апарайын үйге.
Әр жұмыртқадан 11 теңге түсіріп алған келіншек бір жеңіске жеткендей мәз болып, қымбат көлігіне отырып, мейрамxанада күтіп отырған құрбысына қарай тартты.
Екеуі 9000 мың теңгеге түстеніп, 1000 теңге қайтарым ақшаны алмай, даяршыға "шәй іш" деп тастап кетеді.
Рас, Біз ақшаға шын мұқтаж жанның қасына келгенде үнемі "сараңдық" танытып, ақша беруден аяп, тырысып қаламыз. Жәй ғана базарға барып,  таңнан кешке дейін қақаған -40 градус аязда, дірдек қағып тұрған сатушыдан зат алсақ, бағасын түсірмейінше тұрып аламыз. Түсірмесе, балағаттаймыз кеп. Ол ондай ит байласа тұрмас жерде, бала-шағаны асырау үшін шыдап тұр. Сондай мұқтаж қарияларды демеудің орнына, тәкәппарлық жасап, еңбегін елемейтініміз де бар. 
Ал,  біздің аз ғана тиын-тебенімізді  мүлде керек етпейтін жерде өзімізше ақкөңілденіп қалдығын алмай кетіп жатамыз.
Мысалы, мың теңге қымбат рестораннан гөрі жұмыртқа сатқан атаға көбірек керек еді.
Сингапурдың Премьер министрі Ли Куан Ю былай дейді: "Әкем өзіне керек болмаса да жағдайы жоқ адамдардың заттарын өте қымбатқа сатып алады. Ес білгелі солай. Түсінбейтінмін. Ержеткен соң себебін сұрап ем, әкем күлімдеп: "Бұл – қайырымдылықтың бір түрі" деді...
Байлықтың ләззаты - көмек беруде демекші көп адамдар осыны түсініп ой түйсе екен.
                                                                           Дайындаған Ханзада ДОШАН. 
11 мамыр 2019 ж. 752 0