№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰНДЫ СУРЕТ. ТАЗА ЖҮРЕК

ҚҰНДЫ СУРЕТ. ТАЗА ЖҮРЕК

Еуропаның бір қаласындағы атақты көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі бір туындыны көреді. Көркемөнердің бұл туындысы өте қымбат екені түсінікті. Бала сурет тұрған витринаның алдында суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпейтін болған соң, қимай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.
Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің әлі сатылмағанын көріп қуанады да, дүкенге сеніммен кіріп суреттің авторына “Сіз салған суретті ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинап келдім. Суретті маған сатыңызшы”, – деп бір уыс ақшасын суретшінің алдына төгеді.
Суретші біраз ғана ойланып, суретті әдемі қағазға орап, оны сұрап тұрған балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: “Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?” – деп сұрап еді, суретші: “Иә, бұл суретті көп адамға миллионға не одан да қымбатқа сата алар едім. Алайда солардың ішінен бұл суретті сатып алу үшін бір жыл бойы жиған ақшасының бәрін бере алатын қанша адам шығар еді?” – дейді.
Міне, дүниеге құнықпай, адамдық қасиеттің асылын бағалай алатын осындай таза жүректі жандардан болуды жазсын бізге. Сонда ғана қоғамдағы сыбайластық жемқорлық деген індеттен құтылатын шығармыз. Кім білсін бірақ, уақыт таразы...
05 мамыр 2019 ж. 986 0