№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛ ЕРТЕҢІ – БҮГІНГІ ЖАСТЫҢ ҚОЛЫНДА

ЕЛ ЕРТЕҢІ – БҮГІНГІ ЖАСТЫҢ ҚОЛЫНДА

Жаңақорған кенті, Келінтөбе, Шалқия, Төменарық, Бесарық және Аққорған ауылдық округінде "Өмір – бізге берілген сый" атты тақырыпта аудан жастарымен кездесу өтті.
Жаңақорған ауданының "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Әкімбек Әлібек кездесуге төрағалық жасады. Кездесудің мақсаты суицидтің алдын алу үшін 14-17 жас және 18-30 жас аралығындағы жастармен кездесу, еркін пікір алмасу болатын. Кездесуге аудандық білім бөлімінің әдіскері Беркімбай Ләйла, облыстық жастар денсаулық орталығының бөлім басшысы Бакиров Ербол, «Рухани жаңару» ҚҚ-ның үйлестірушісі Ахметов Нұрбек қатысып, хабарлама жасады. 
Алдымен, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ләйлаға Бауыржан қызы сөз алып, жалпы тақырыпға байланысты баяндама жасады. Одан кейін тақырыпқа байланысты ролик көрсетіліп, қазір жастар арасында болып жатқан жұмыстар барысы жайлы облыстық жастар денсаулық орталығының бөлім басшысы Бакиров Ербол сөз қозғады. 
Суицид індетінің біз ойлағаннан да терең салдары бар. Бұл тек қана бір адамның жарық дүниемен қоштасуы емес – қоғам үшін де орны толмасәлеуметтік, экономикалық жоғалту. Жүргізілген зерттеулер бір аяқталған суицидтің 10 мен 20 жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының, 100 ден 200 жасөспірімнің суицидтік санаға келуіне алып келетіндігін айғақтайды. Психологиялық қалыптаспаған, тұрақсыз кәмелеттік жасқа толмаған балаға оның замандасы не танысы өз-өзіне қол жұмсаған тұста «мүмкін емес» нәрсе «мүмкіндей» көрінеді. Сондықтан, қандай жағдай болмасын әр нәрсенің парқына жетіп, пайыммен жасау керек. Семинардың да мәні осында. 
Қорытындысында осындай жиындар, басқосулар мен кездесулер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылады. Себебі, елдің ертеңі жастармен нұрлы.
Нариман ЖАКУДАЕВ.


25 сәуір 2019 ж. 692 0