Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Құда түсу мәні

Құдалық ертеден келе жатқан дәстүр. Күйеу жігіттің әкесі баласымен, өзінің жақындарымен (кейде жігіттің әкесінсіз де) құда түсуге келеді. Құда түсу – өте қызықты өтеді.

Құдалардың келуі «құда түсер» деп айтылады. Алдын ала ескерту бойынша қыз әкесі өз туыстары мен жақындарына сыйлас адамдарына хабарлайды. Құдаларды аса құрметпен, салтанатпен қарсы алады. Екі жақтың құдалары бір-біріне сыйлықтар тапсырып қуанышқа бөленеді. Бұл отырыста құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, т.б. салт-жоралар жасалынады. Жігіт жағынан келген ең сыйлы адам – бас құда, күйеудің және қыздың әкелері – бауыздау құда деп аталады. Бас құда жаңа жерге түскен келін үшін әр уақытта қымбат та сыйлы адам болады. Жас келін оны «ағеке» деп атайды, әрқашан құрметтеп жүреді. «Құда түсу» – өте мағыналы дәстүр, қазақтың нағыз ұлттық болмысын көрсетеді.
19 наурыз 2019 ж. 2 376 0