№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Рухани жаңғыру – ұлт болашағы

Рухани жаңғыру – ұлт болашағы

   Қазақ ұлтының басынан қаншама қиын-қысталаң замандар өтті. Тәуелсіздік таңы сан өткелектерден өткен өксікті өмірдің өтеуі. Осыны бүгінгі өскіндердің жадына тоқып жүрегіне жеткізу-де тарихты оқыту, әңгімелеу аз. Ұрпақ санасына ұмытылмастай ұғындыру үшін шындықты шынайы образбен сомдау мүмкіндігі терең сахнаның тіліне тең келер ешнәрсе жоқ.
Сунақата ауылында биылғы жыл дәстүрлі жалғасын тапқан рухани кеште кезекті өнер көрсеткен «Алинұр – С» жеке балабақшасы ұжымы осы мақсат биігінен таныла білді.

  Елбасы «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде, халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген болатын.
Елді мекендегі Гүлдариха Бейсенбаева жетекшілік ететін «Алинұр–С» жеке балабақша ұжымы күнделікті бала тәрбиесі міндетіне қоса осы күні үлкен жауапкершілікті арқалап, ауыл халқы лық толы жиналған Сунақата ауылдық клуб үйінде талапқа сай талаптарымен танылды.
   Кеш шымылдығын көрініспен түріп, тас дәуірінен бастап тарқатылар тарихи кезеңдерді кестелеуге ден қойды. Қазақ халқының басына түскен нәубет: ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, репрессия құрбандары, желтоқсан оқиғасынан хроникалық қойылым сахналанды.
Түбіміз түркі, мінезіміз жылқы, ұлтымыз қазақ, рухымыз азат. Бойында қасиеттің қырық шырағы бар. Мойнында тәңір таққан тұмары бар. Қиындыққа бас имеген Қазақ елінің бір пұшпағы саналар Сығанақ шаһарының арғы-бергі тарихынан сыр тербеп, бүгінгі жетістіктерін ән мен жырға қосты.
  Балабақша қызметкерлері Айгерім Тәжбенова, Шолпан Жылқыбаева, Мәншүк Нұрғалиева, Рәбиға Бегенованың орындауында тамаша әндер шырқалды.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
12 желтоқсан 2018 ж. 937 0