№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлы дала – жабылмаған жыр кітабы

Ұлы дала – жабылмаған жыр кітабы

Аса бай ауыз әдебиетінен, эпос­тан бастау алған қазақ поэзиясы ұлттық болмысты бейнелеудің озық үлгісі.

   Кезінде орыстың көрнекті зерт­теуші ғалымы Потаниннің Шоқанға хатында: «Маған қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп жазғаны бар екен. Бұл қазақ да­ласына беріде берілген баға. Шын­дығына келгенде, қара сөздің қа­сиеті жырмен өріліп, әнмен әрленіп, халықтың өршіл рухымен астасып, күні бүгінге дейін жасап келеді.
Ұрпақ бойындағы қайсар рух –бабалардан жеткен ұлы сый, ұлық мұра. Осынау ұлан-байтақ дала бізге бабалардан мұра болып қалды.      Бұл – ұлы жеңістің нышаны, дәуірлердің діңіне тігілген өр қазақтың байрағы. Бұл құндылықтардың барлығы ха­лықтың ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдерінен, ұлттың ұжданынан бай­қалады. Оның өн бойынан тек үлгі-өнеге, ақыл-парасат, адам­­гершілік, иман, достық пен бауыр­малдылық есіп тұр.
«Екейде елу бақсы, сексен ақын,
   Гулейді жын соққандай кешке жақын», – деген ел аузында ертеден келе жатқан сөз бар. Қазақ боп туғанның ақын болмасқа қахы жоқ.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
  Өлеңмен жер қойнына кірер денең, – деп Абай осы таби­ғаты­мыз­ды меңзесе керек.
Қазақтың кең сахарасында өмір сүріп, жазу-сызу білмесе де көкірегі ояу, құйма құлақ зерделі ұрпақ естіген сөз маржанын санасына тоқып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жет­кізіп отырған ғой. Ұзақ түндерде бастары қосылып,бірге тыңдаудан жалықпаған хисса, дастан, аңыз-әпсаналар осылайша ауыздан-ауызға тарап бізге жетті. «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырлары, «Ер төстік» сынды ертегілер күні бүгінге дейін жас ұланды ерлікке, төзімділікке, ақыл мен парасатқа тәрбиелеп келе жатқан рухани қайнар бұлағымыз.
  Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасында осынау ру­хани жауһарларымыздың мән-мазмұнын ұрпақ жадында жаң­ғырта отырып, ұлт рухын ұлық­тауды міндет етіп қойды. Осы ба­ғытта Жаңақорған аудандық Мәдениет үйі жанындағы Манап Көкенов атындағы шығармашылық мектебі айқын мақсатқа бет бұрып отырмыз. Биыл ауданымыздың құрылғанына 90 жыл, Манап Көкеновтың туылғанына 90 жыл мерейлі мерекенің қатар келуі жұмысымызға жаңа серпін берді.
Әр дәуір өз ақындарын тудырады. Жыр алыбы – Жамбылдан бастап жаңа заманды жырлаған жыр-керуен Тәуелсіздік рухымен қанаттанып, халық рухын жағып, жанымызға рух дарытуда.
  Айтысатын ақсақалдың өзімен,
  Ақын халық екенбіз ғой біз деген, – деп ақын жырлағандай, ел ішінде қолына қалам алып, қоғам тынысына тірек болуға ұмтылатын табанды мақсат, озық ой иелері көп. Ақындық жас талғамайды. Осылардың қатарында өлеңді жанына серік еткен жас желкенді үкілеп, бәйгеге қосуда Манап ақын атындағы мектептің атқарып келе жатқан жұмыстары аз емес. Жергілікті ақын-жазушылардың сараптауында жыр-мүшайралары, түрлі тақырыпта шығарма жазудан бәйге ұйымдастырылды. Бұл шаралар арқылы қаншама талапкердің тұсауы кесіліп, көпке таныла бастады.
  Сайып келгенде, біздің бабаларымыздың баянды үнін, тарихымыздың тылсым сырын, туған елдің мәңгілік жырын ұлықтап, ертеңгі күнге жарқыратып жалғауда осынау үкілі үміттерімізден күтеріміз көп. Оның әрбірі ұлы даланың ашық жатқан жыр кітабына өзіндік таңбасын қалдыра аларына сеніміміз кәміл.

Уәли ИБРАГИМОВ,
Манап Көкенов атындағы шығармашылық мектебінің жетекші маманы.
12 желтоқсан 2018 ж. 1 969 0