№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ері жарын айналса алдын кесе өтпейді

Ері жарын айналса алдын кесе өтпейді

Ешбір халықта кездеспейтін «айналайын» деген сөз бар. Атасы келініне айналайын десе төбесі көкке бір елі жетпейді, ері жарына айналайын десе алдын кесе өтпейді, әкесі ұлына айналайын десе арқаланып кетеді, анасы қызына айналайын десе құстай ұшып жетеді. Кім болсын, осы бір ауыз сөзге құштар, құмбыл, естігенде жүрегі еріксіз елжірейді. Көңілінде мейірім оянады. Ал енді сіз елді айналған адамды көрдіңіз бе? Елді айналу үшін елдің ағасы, елдің анасы болу аз, халқыңды шын пейіліңмен елжірей сүюің керек. Сол кезде барып халқыңды жан-тәніңмен айналсаң құба-құп.

 
    Бұқаралық ақпараттандыру қам-қа­ре­кетімен мәдени-көпшілік шаралардан қалмаймыз. Сонда байқағанымыз, көбі­не-көп осынау елдік шаралардың басы-қасынан табылып, тілектестік лебізін арнауға келгенде ақылман аға, құрметті ұстазымыз Зинабдин Шермухамедов аға­мыздың «айналайынын» естімеген кезіміз жоқ. Осы «айналайыны» ол кісінің мөлдір мейірімімен, шыныдай таза көңілімен, кең жүрегімен, бір сөзбен айтқанда, гуманизмге толы болмысымен біте қайнасып, керемет жарасып тұрады. Өйткені Зинабдин аға бұл сөзді жүрегімен айтады, маңдайыңнан сипағандай мейірленіп айтады. Қалың елге сіңірген шынайы қызметі оны осындай дәрежеге жеткізген. Сонда бұл «айналайын» деген кісі таңдайтын жасандылықты қабылдамайтын сөз болғаны ғой. Елдің алдында тұрмын деп есептеп, айтып көріңізші, сізге жараса ма?
Елбасымыз кешегі халыққа жария­лаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінде өткен тарихымыздың өнегелі тынысын қайта жаңғырту, оның өзектілігін арттырып, Еуразия кеңістігі мен барша әлемге дәріптеуді ел алдына қойды. Көнерген сөздерімізді тірілту, тарихи дәстүрлеріміздің ортақ негіздерін табу, ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күн талабы. Осының барлығында біздің қуатты құралымыз бар. Ол – сөз. Оқырман ойлы сөзден қуат алады.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
27 қараша 2018 ж. 826 0