№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ ЖАҢА БАСТАМА КӨТЕРДІ

ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ ЖАҢА БАСТАМА КӨТЕРДІ


Ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүйелі түрде жүзеге асуына күн сайын елеулі қадамдар жасалып жатыр. Игі мақсаттағы ауыз толтырып айтарлықтай ізгі шаралардың бірі әрі бірегейі күні бүгін Жаңақорған кентінің Орталық саябағындағы "Айналайын" кафесінде өткізілді. Көктем мен жаздың біте қайнасып жатқан тұсына тура келген жастар басқосуында ақыл-ой спорттары – дойбы мен шахмат ойындарынан турнир ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар алқасы тек интеллектуалды бағытта ғана емес, спорттық – мәдени салаға қызығушылығы бар жастарға арнап Скакалка Challenge, UNO, «Мен салған сурет», «Сыйлық кімге бұйырады?» сияқты алуан тақырыптағы креативті іс-шаралар өткізді. 

Толығырақ айта өтсек, епті ұл-қыздар «Скакалка Challenge» жарысында скакалкамен секіріп сайысқа түссе, испан елінен бастау алған UNO зияткерлер ойыны талай жасты қызықтырып әкетті. Ынталы оқушылар «Мен салған сурет» айдарында қол туындыларымен де таң қалдыра білді. Шара соңына орай «Сыйлық кімге бұйырады?» интеллектуалды викторинасы жүргізіліп, білім бәйгесінде ақылдылар сарапқа түсті. 
Айта кетерлік жайт, «Жаңақорған менің көзіммен» фотокөрмесі жайында халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, ынталы жастардан сапалы фотосуреттер жинақталған болатын. Фотокөрмеде үздік атанған кәсіби және әуесқой фотографтар бағалы сыйлықтармен марапатталып, бүгінгі күні өткен барлық іс-шаралардың жеңімпаздары анықталды. Сайысқа атсалысқан барлық жасөспірімдер марапаттан тыс қалмай, сыйлықтар үлестірілді. 
Бір қызығы, жастардың ризашылығы мен қайталанбас әсер алғанын пікіртерім парақшасы арқылы анық байқауға болады. 
«Жаңақорған - менің көзіммен» фотокөрмесі осылайша қызықты қорытындыланды. Кент жастары өз мекендерінің артықшылықтары жайында жаңаша жайттарға куә болды. Біздің көзімізбен Жаңақорған – бүгінгідей креативті бастамалардың мекені.
28 маусым 2018 ж. 934 0