Файзулла Сахиев өзіндік стилі, қолтаңбасы бар ақын
Туған топырағынан ұзамай, таңдаған мамандығы – қаламгерлікті тағдырына балап, содан бақыт тапқан жан өзін армансызбын деп санайды. Өйткені ол – ақын.
Шығармашылық адамының бір күні бір күніне ұқсамайды. Осы күйін ол өзі былай суреттейді:
Жүрегім жырға жылынып,
Сағынып тәтті күй кешем.
Жанарға тамшы мұң іліп,
Таулармен кейде тілдесем.
Қайырлы таң деп әлемге
Келеді сосын тіл қатқым.
Құлағы осы сәлемге,
Елеңдеп тұрар гүл-бақтың.
Ақын жүрегіндегі осынау тілегей-теңіз сезім, сүйіспеншіліктің қайнары – туған жерге деген махаббатта жатыр. Адал перзент алдымен туған жерге қарыздар. Сондықтан да ол:
Сәулеге, нұрға малынып,
Бозала таңнан тұрамын.
Құстардай қайтқан сабылып,
Туған жер менің жыр – әнім» деп жырлайды.
Ақын Файзулла Сахиевтың өлеңдерінің дені өскен ел, туған жер, адалдық пен адамгершілік, бейбіт өмір, кіршіксіз махаббатқа құрылған.
Қара желін селдемейді енді кім,
Туған жердің самалы да ем бүгін.
Ақ сағымдар жауын алып жанардың
Туған жердің танытады кеңдігін, – деп тебіренген ақын жүрегінен туған жерге деген терең іңкәрлікті жазбай танисыз.
Файзулла ақын өмірінің әр белесінде оқырманға жаңа жыр жинағын ұсынып келеді 1983 жылы «Жыр – бесік» атты кітабы оқырманға жол тартса, 1988 жылы «Тоғыз перне», 1989 жылы «Күлеміз бе, қайтеміз?», 2001 жылы «Жүректегі жауһарлар», 2003 жылы «Қосүйеңкінің қос бәйтерегі», 2004 жылы «Арман жылғасы», 2006 жылы «Айтыстың ақтаңгері», 2013 жылы «Айтарым бар», атты жыр кітаптары жарық көрді. “Келешегі кемел аудан” энциклопедиясын құрастырды.
Мамандығы – журналист болғанымен бала кезден бойына біткен болмысы оны сан соқпақтың сорабында сынға салып, қанжардың сабындай қайрады, қай жерде, қандай қызметте жүрсе де туралығынан таймады. Ешкімнің бетіне жел болып тимеді. Өзі де біреулерге жағынып, жалпақтауды сүймеді. Партия қайда жіберсе сонда жанын сала еңбек етіп, қолы қалт еткенде қаламын серік етіп, елдің рухани деңгейін көтеруге атсалысты. Оның ақын Құлан Алдабергенұлының ел аузындағы еңбектерін жинап, «Аузымда өлең деген алмасым бар» атты кітап шығаруы алдыңғы ұрпақ ағалар алдындағы қасиетті борышының өтеуі болса керек.
Файзулла Пәзілбекұлының өз өмір жолына тоқталсақ, ол 1948 жылы ауданымыздың «Ынтымақ» елді мекенінде дүниеге келді. Бала кезінен журналист болуды армандап, КазГУ-ге жол тартты. Еңбек жолын аудандық «Коммунизм жолы» газетінде бастады. Газетте тәжірибе шыңдаған жас маман аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, 1981-86 жылдары аудандық партия комитеті үгіт және насихат бөлімі нұсқаушысы, 1986-1996 жылға дейін «Коммунизм жолы» газеті редакторының орынбасары, 1996-2005 жылға дейін аудан әкімі аппаратының қоғамдық-саяси бөлімі бастығы, 2005 жылдан аудандық мәслихатта қызмет атқарды. Жаңақорған кентінің «Құрметті азаматы».
Файзулла Сахиев өзіндік стилі, қолтаңбасы бар ақын болумен қатар өз тақырыбын тапқан жазушы, жалынды публицист, тәжірибелі журналист. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып еңбек жолын бастаған жетпісінші жылдардан бастап оның қаламынан шыққан дүниелерді жинақтар болсақ том-том кітаптарға жүк болары анық. Бірақ «газет бір күндік, сөзі мың күндік» дегендей, мерзімді баспасөзде жарияланып, кезінде оқырман мейірін қандырған, қаншама ұйқысыз түндерде толғатқан ойларының өтеуі өз заманының өлшеміне айналып, тарихтың қойнауына сіңіп кетті. Тасқа басылған әрбір таңба қоғамды құрып жатқан жасампаз ұрпақтың санасына ұя салып, ұлағаттылыққа баулыды, әрбір кеудеге адамдық пен ізгіліктің дәнін септі. Сондықтан қара сөз бен қатпарлы ойдың иесі – қаламгер еңбегін еш уақытта текке кетті деуге болмайды. Оның текті ұрпақ тәрбиесінде тағлымы озық, ақыл-ойы таусылмас азық.
Газет өндірісінде әбден шыңдалып, көреген көңіл қалыптастырған тұлға аудан идеология саласында жетекшілік қызметте де қарымдылық қасиетімен таныла білді. Газетке редактордың орынбасары болып қайта қызметке келіп, он жыл жұмыс атқарғанда бір шаңырақ астында әріптес ретінде бірге жүріп тұлғалық болмысын терең таныдық деуіме болады. Файзекең газетте өз қызметімен қоса партия тұрмысы бөлімін басқаратын. Газеттің қат-қабат шаруасын атқара жүріп елдің қоғамдық-саяси өміріне етене араласуына тура келді.
Кәсіби журналист ретінде Файзекеңе оперативтілік тән еді. Жауапкершілігіне алған тақырыпты кез-келген жанрда жылдам жазып тастаудың шебері болатын. Бұған оның өмірді көп білетіндігі себеп болса керек. Аймақ тынысын терең бағдарлай алуының тағы бір сыры бар. Кейде кабинетіне бас сұға қалсаңыз, «Әкім болып ойланып отырмын» дейтін. Бірінші хатшының, кейін әкімнің баяндамаларын жазып беретін ол аудан тыныс-тіршілігін сондықтан да бес саусақтай білетін.
Бесаспап журналист Қаратау қойнауын түлеткен малшылар мен Сыр етегіне дәннен тау тұрғызған диқандар өмірінен маржан тілін мөлдіретіп көркем очерктер мен толғауларды дүниеге келтірді. Туған жердің кешегі-бүгінгі тарихында өшпес ізі бар өнегелі тұлғалардың атын тарихта қалдырды. «Сырдың сырбаз абызы», «Туралықтың туын тіккен», «Азамат абыройы», «Өнердің қарлығашы», «Адамдық өлшемі» деп аталатын очерктері өнермен де, әдебиетпен де, ғылыммен де байланысты болуымен жеке кейіпкердің ғана емес, тұтас өңірдің келбетін, табиғатын мөлдіретіп көз алдымызға әкелер суреткер шеберлігімен оқырман көңіліне шынайы рух дарытады.
Бала кезінен өзі өсіп-өнген ортаның болмыс-бояуын жүрегіне жақын қабылдаған ұлан адам психологиясының әлсіз тұстары – пенделік осалдығымызды өз кейіпкерлері арқылы сомдап, өмір шындығын көз алдымызға әкеледі. Адамзаттың ортақ қасіреті – қатыгездік пыйғылдың сұрқай да сұрапыл сын-сипатын жүрегіңіз қарс айрыла отырып жазғырасыз. «Көк кесенің құны», «Көкпар», «Қыңыр» деп аталатын әңгімелерінде ауыл өмірінің нағыз нақыш-бедері тұнып тұр.
Алдыңда ақын аға отыр
Осыдан 20 жыл бұрын Файзулла ақынның 50 жасқа толу құрметіне Қосүйеңкі мектебінде шығармашылық кеші ұйымдастырылып, сол кездегі №161 «Ынтымақ» орта мектебінің мұғалімі Нұрқасым Үсенов қаламгер ағасы туралы осылай сыр толғаған екен.
Таланты тас бұлақтай сарқылмаған,
Жасындай сәуірдегі жарқылдаған
Елуде бала болып басын иіп,
Алдыңда ақын отыр аңқылдаған.
Елу жыл ақын-сәби шыр еткелі,
Өлеңсіз, тебіреніссіз күн өтпеді.
Елу жыл туған жердің төскейіне
Жайқалтып жырыменен гүл еккелі.
Бірге ұстап қаламы мен ел тізгінін
Азабын ақындықтың татып тұзын
Ақиық қыран құсап қалықтадың
Өлеңнің бағындырып мұзарт құзын
Шабытың дариядай шалқи берсін,
Ән болып көгімізде қалқи берсін
Ақындықтың тат баспай ақ семсері,
Жыр атасы – Жамбылдың жасын берсін
деп ағыл-тегіл ақтарылып еді.
Бүгінде Файзекеңнің өз сүйікті оқырманы бар, ізін басқан шәкірттері де желкілдеп өсіп келеді. Жуырда Жаңақорған ауданының 90 жылдығы мен ақын Файзулла Сахиевтың 70 жасқа толуына орай Кейден ауылдық әкімдігі мен кітапханасының (кітапханашысы Шәмшат Әлжан) ұйымдастыруымен «Жалының барда жанып өт» деген тақырыпта жас ақындар мүшайрасы өтті. Мүшайрада Шалқия және Бірлік Мәдениет үйі қызметкерлері Айман Үсенова мен Мадияр Оспанов арнайы сыйлыққа ие болды. Ал оқушылар арасында өткен жыр бәйгесінде осы жүлдені Аққұм ауылынан келген жас талапкер Ережеп Мерей жеңіп алды.
Бірінші орынды қосүйеңкілік Мырзабек Досымжан және қожакенттік Әбітай Гүлдерай, екінші және үшінші орындарды Машбек ауылынан Шүкір Серікболсын, аққұмдық Әбу Данагүл және кейдендік Аятбек Әсел еншіледі. Жеңімпаздар Кейден ауылдық әкімдігі атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Байқау шарты бойынша ауданның 90 жылдығына арнап өлең оқу және Файзулла ақынға арнау жазып келген шәкірттердің арасында ақынның туған ауылы – Қосүйеңкіден келген жас талап – Мырзабек Досымжанның өлеңі басқалардан бөлекше сырлы мәнерімен жүректерді тербеді. Ол былай деп сыр толғады:
Көктем келсе дала да сән келеді
Тұрмысқа, тіршілікке мән береді
Жыры бір заманымен сырласатын
Ақын туса өмірге ән келеді.
Ақындық айдынынан нәр алғансыз
Өмірге өлең болып оралғансыз
Туған жерден түлеген аталардың
Ізін жалғар ақтаңгер бола алғансыз.
Жүректер жұлқынады жыр толғанда
Туған жер шабыт беріп бұлқынғанда.
Қазақтың қара өлеңі өлмек емес
Жүрегі елім дейтін ер тұрғанда.
Еңбек еттің Файзулла ата ел үшін деп
Отырсыз сол еңбектің жемісін жеп
Қарт Қаратау – Қосүйеңкі топырағы,
Ардақтайды өзіңдей серісін тек...
Ақын Файзулла Сахиев қазірде қалам ұстаған ұрпақтың ұстазы ретінде жыр додаларына әділ қазылық жасап, асыл сөздің таразысын тең ұстауда талмай еңбектеніп келеді. Жақында аудандық балалар мен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде Жаңақорған ауданының 90 жылдығы, халық ақыны Манап Көкеновтың туылғанына 90-жыл толуына арналған жас ақындар мүшайрасы өтті.
Мүшайраға он мен онбес жас аралығындағы аудан мектептерінен оқушылар қатысты.
Жас ақындарымыздың жырларын халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ф.Сахиев, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Айымбетова, М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің қызметкері, термеші М.Дәрібаев саралап, әділ бағасын белгіледі. Қорытындысында І-ші орынды №160 мектеп оқушысы Мейірхан Нұрсел, ІІ-ші орныды №229 мектеп оқушысы Дәулет Сұлтанғали, ІІІ орынды №167 мектеп оқушысы Амангелді Зейнеп иеленіп, дипломдармен және барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Жасын жырлары оқырман жүрегіне жеткен ақынның жазбалары өңір кітапханалары сөресінде ғана емес, бүгінде оның туындылары ұлттық электронды кітапхана тізіміне тіркелген. Республиканың қалың оқырманына қолжетімді жағдай қалыптасты.
Жасы жетпісті алқымдағанымен ақын жүрегі әлі жас. Әлі де айтары сарқылмаған ақыннан біздің күтеріміз көп. Қаламыңыз жорға шабысынан жаңылмасын, аға, – дегіміз келеді.
Баян ҮСЕЙІНОВА.