№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Манап – айтыс ақыны

Манап – айтыс ақыны


1980 жылы Алматыда өткен ІІ Республикалық ақындар айтысында (І Айтыс 1943 жылы ұйымдастырылған еді) Манап Көкенов Бас жүлдені жеңіп алады. Ол 1943 жылдан бастап 1987 жылға дейін түрлі деңгейде 50 рет айтысқа түскен. Соның 23-інде қыз-келіншектермен айтысқан екен.
1945 жылы күзде аудандық айтыс өтеді. Осы айтыста Манап пен Гүлсара қыз айтысқа түседі.
Айтысты алдымен бастаған Гүлсара қыз бірден:
Қызыл отау басқарған үгітші деп,
Естіп ек жас ақынды шығыпты деп.
Екенсің түрің қораш шап секілді,
Не деп келдің қыздарға жігітпін деп?
Шашы да, қасы да, кірпігі де аппақ Манапты шалға теңегенін жасырмай жайып салған қарсыласын:
Шал түстес, жігіт едім қыз алмаған,
Кезіктім кәрі қызға тызаңдаған,
Отызға келгеніңше күйеу таппай
Таңым бар қылығыңа қызармаған, – деп төтеден түйреп өтеді.
Гүлсара қыз:
Жақсыларға өз басын теңемес кім,
Сенің қалжыңдасарың мен емеспін.
Өзіңді қанша мақта мен сүймеймін
Сыртымнан сұқтанған жан не демесін, – деген кезде, Манап:
Көк етікті кезікпей сақа дейтін,
Сендей жан қызығында қапа жейтін.
Көн етікті болсам да сені алмаймын,
Жайым жоқ қосағымды апа дейтін, – деп сүріндіреді.
Манаптың Надежда Лушниковамен, Тәушен Әбуовамен, Әселхан Қалыбековамен өткен сөз сайыстары тәрбиелік, тәлімдік, мағыналық, мазмұндық тұрғысынан бір-бір зерттеу еңбегіне жүк боларлық салмақты сарынымен қымбат.
Айтыс – жүгі ауыр жанр. Айтыс сөз жарысы, өнер бәсекесі. Сөз додасына түскен айтыскерлер жеке бір мәселеден бастап, күрделі тақырыптарды да толғап, ел мен жер жағдайы, көп көңіліндегі көкейтесті мәселелерді көгенін жамыратпай, көбесін қожыратпай, жып-жинақы, жалпыны жалқы сөзбен жымдаса өріп, тыңдаушыны тапқыр сөзбен таң қалдыра білуі керек. Бұл орайда іште жатқан терең ойды төтеннен төгілдіре жөнелер суырып салма қабілет қайрауы жеткен қанжар сынды қапыда қалдырмаса қане. Мұны импровизаторлық өнер дейміз. Манап – импровизатор ақын, яғни, тұтқиылдан, табан астында суырып салып өлең шығаратын алмас тілдің иесі. Майлықожа мен Мәделі, Иса мен Нұрлыбек, Нұрхан мен Саяділ, Кенен мен Нартайдың бойында бар ғажайып қасиет Манаптың да ғажайып бір қыры еді.
25 қыркүйек 2018 ж. 2 313 0