№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Тұлға


ҚР халық әртісі, әйгілі дирижер
Төлепберген Әбдрашевтің рухына арналады.
Тылсым ойлар көкіректі кернеген,
Көп мазалап, тыныштықты бермеген.
Ұлыларын ұлағаттап отырған,
Қашандада ризамын елге мен.

Осыларды айтып ақын жырласын,
Бар табиғат тұңғиық күй тыңдасын.
Төрткүл дүние атын түгел білетін,
Төлепберген кластасым, құрдасым.

Симфониялық оркестрде үн қандай,
Сұлулықтың өзі оған сынғандай.
Дирижёрдің таяғымен сиқырлы,
Дала ән сап, қазақ жырлап тұрғандай.

Қашанда да орны биік алыптың,
Нұрын себер ұлыларға жарық күн.
Талантыңмен танылдыңда тұлға боп,
Бұл қазақты бар әлемге таныттың.

Күй тартқанда сиқырлы бір күйді ұқтым,
Бәрінен де қымбат екен бейбіт күн.
Қуанышпен кездескен күн есімде,
Лауреаты боп Мемлекеттік сыйлықтың.

Ізгі арманға іздегеннен жетпек кім,
Осы жерде өсіп менде көктеппін!
Қуаныш қой Әбдрашев атында,
Аталғаны Кеңестегі мектептің

Күмбір күйден тұңғиық бір сыр ұғып,
Жүздеріңнен көріп тұрмын жылылық.
Талант деген тот баспайтын саф алтын,
Жасай берсін, жасай берсін ұлылық!

Ізәтілла Нәрзілдаұлы,
Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы».
16 маусым 2018 ж. 1 126 0