Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Тәуелсіздіктің биік тұғыры

Тәуелсіздіктің биік тұғыры


25 қазан – қазақ халқы үшін тарихи әрі ерекше маңызы бар күн. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ел тағдырында жаңа парақ ашылған күн. Сол сәттен бастап қазақ ұлтының ғасырлар бойғы арманы – дербес мемлекет болу мұраты жүзеге аса бастады. Бұл күні – азаттықтың ақ таңын аңсаған бабалар аманатының ақталған күні.


Егемендіктің алғашқы қадамы ел дамуының берік негізін қалады. Бүгінде Қазақстан – тұрақты даму жолына түскен, беделі жоғары мемлекет. Осының бәрі ел азаматтарының бірлігі мен ортақ мақсатының жемісі. Тәуелсіз елдің тағдыры – әр азаматтың жүрегіндегі Отанға деген сүйіспеншілікте. Республика күні – елдік рухты асқақтатып, ұлтты ортақ мақсатқа біріктіретін мерейлі мейрам.
Бұл күн елімізде саяси реформалардың бастауы болғандығымен қастерлі және маңызды дер едік. Өйткені, ұзақ жылдар бойы кеңес билігінің құрамында бол­ған мемлекеттің коммунистік жүйеден демократиялық жүйеге ауысуының өзі оңайға түскен жоқ. Демократиялық ин­ституттар дамыған кезеңде мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін нығайту мә­селесі бірінші орынға шықты.
Егемендік туралы декларацияда тәу­елсіз мемлекеттің төл заңдылықтары мен ережелері тайға таңба басқандай етіп жазылды. Осылайша, тарихи акті республиканың дамуында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетті. 2022 жылы 13 жыл бойы күнтізбемізден мемлекеттік я болмаса ұлттық мереке ретінде сызылып қалған Республика күні қайтып оралды. 2009 жылдан бастап бұл тарихи күн атаусыз қалғаны рас. Кейбір саясаткер­лер оны ескінің белгісі деп санады. Бұл тарихымызға ғана емес, елдігімізге жа­салған зор қиянат болатын.
Иә, бүгінде қазақ елі өрлеу – өркен­деудің, жаңару мен дамудың даң­ғыл жолына түсті. Экономикасы өсіп, әлеуметтік ахуалы тұрақталып келеді. Өзгесін айтпағанда Сыр өңірі өркениетке қадам басты. Барлық салада жетістік бар, тіпті елдің алдыңғы қатарлы көшін бастап келеді. Алаштың алғашқы астанасы болған Қызылорда қаласының бүгіні мен болашағы баянды деуге болады.
«Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы! Сыр – Алаштың анасы!». Жүз жылда бірнеше кезеңді басынан өткерген Қызылорда бүгінгі күні Президентіміздің ерекше қолдауымен сәулетті де әсем қалаға айналды. Сыр өңірі жасарып-жаңарып, өсіп-өркендеуде. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс бюджеті 851 млрд 300 млн теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын жақ­сартуға бағытталуда. Мұның арасында Жаңақорған ауданының да үлесі бар. Қазір ауданның инфрақұрылымы жақсарып, әлеуеті артты. инвестиция көлемі үш есеге өсіп, өңдеу өнеркәсібі жылдам дамып келеді. Әсіресе, демоографиялық өсім көңіл қуантады. Мұның барлығы егемендіктің еңселі, тәуелсіздіктің тұғыр­лылығын айқындайды.

Әли ТЕМІРБЕК
25 қазан 2025 ж. 172 0