№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайта жаңғырған ұлттық мереке

Қайта жаңғырған ұлттық мереке




13 жыл аталмай кеткен Республика күні ұлттық мереке ретінде тойланады.
Он жылдан астам уақыт бойы ұмыт қалған Республика күні қайта оралды. Биылдан бастап Қазақстан 25 қазанда ұлттық мерекені тойлайды. Тәуелсіздік алғалы 25 қазан Республика күні ретінде тойланып келді. Алайда бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен 2009 жылы алынып тасталған болатын. Айта кетейік, 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданған болатын.

    Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді.
    Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет  Қазақстан Республикасының негізі қаланды.
    Республика күні Қазақстанда 1992 жылдан бері тойланып келе жатқанымен мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана енгізлген болатын. 2009 жылы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгертілуіне байланысты, 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталынған еді...
   Ал биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мейрамды қайтару қажеттігін мәлімдеді.
Көп ұзамай парламент заңды қабылдады. Оған сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленіп отыр.
Айта кетері, Тәуелсіздік күні бұдан былай тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтпек.
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешевтің айтуынша, Республика күні биылдан бастап тойланады. Қазақстандықтар 25 қазан демалады. Сондай- ақ бұдан былай Қазақстанның елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктерінде Тәуелсіздік мерекесінде емес, Республика күнінде ресми шараларөткізілетін болады.
Ботагөз Маратқызы
14 қазан 2022 ж. 1 095 0