«Севастополь үшін шайқас» («Битва за Севастополь»)
Режиссер Сергей Мокрицкийдің 2015 жылы шыққан туындысы. Фильм 25 – Чапаев атқыштар дивизиясының мергені Павличенко Людмила Михайловна туралы. Батыр қыз 309 неміс әскерінің көзін жойған болатын. Фильм Киев мемлекеттік университетінің студенті Людмиланың өз еркімен фронтқа аттануымен басталады.
Алғашында Одесса үшін соғыста, кейін Севастополь үшін соғыста ерлік көрсетеді. Өкінішке орай, Севастопольдан жаралы күйде оралады. Кейіннен АҚШ-тағы Кеңес делегациясының құрамында болып, Элеонора Рузвельтпен жақсы қарым-қатынаста болады. Фильмдегі Людмила Павличенконың «Мне двадцать пять лет. На фронте я уже успела уничтожить триста девять фашистских захватчиков. Не кажется ли вам, джентельмены, что вы слишком долго прячетесь за моей спиной?!» деген сөздері өз басыма ерекше әсер қалдырды. Тағы бір жәйт фильмде әйгілі Виктор Цойдың «Кукушка» әні орындалады.