Соңғы жаңалықтар

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » » ЖҮРЕГІҢНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА...

ЖҮРЕГІҢНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА...


Абай – шоқтығы биік ақын. Оның әрбір шығармасында философиялық мән-мағына, ғұламалық ілімнің негізі тұнып тұр. Оның жазушылық әлемінде барлық тақырыптың табылуы әрі іздеген құндылығыңның табыла кетуі де ешбір қаламгерде кездеспейтін құбылыс. Ұлы ақынның қарасөзін кәдесіне жаратып, өлеңін насихаттау бүгінгі ұрпақтың асыл парызы.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына терең бойлап, оның мұрасын танып-біліп, өмір сүрудің бір бөлшегіне айналдыру қажеттілігі айтқан еді. «Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп ілгері жылжу үшін біз сананың алшақтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді. Мұндай кезде өзіміздің таптаурынғы жадағай әдеттерімізден бас тартуымыз қажет. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздейді», – деді Мемлекет басшысы мақаласында.
Расында Абайдың бір ғана «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін алайықшы. Ұлтқа нақты бағыт-бағдар көрсетеді, яғни адами капиталды дамытудың маңызын қозғайды...
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» дейді он тоғызыншы қара сөзінде. Иә, бүгінгі қоғамға да естілік керек. Ұлттың дамуы үшін де, ұлттық сананы жаңғырту үшін парасаттылық керек. Ол үшін «толық адам» деп аталатын идеясына мән берген абзал.
Бірде Америка жазушысы, әлемге әйгілі саяхаттануышы Джорж Кенан­ның Абай ақын туралы жазған пікірі таң қалдырды. Ол қазақ баласынның білімге соншалықты құштарлығын, ғылымға деген шексіз махаббатын сөз етіп «Оқымысты қырғыз» деп мақала жазыпты. Сонау 1890 жылы шетелдің саяхаттаушысының мақаласы бүгінгі жастарға дем беріп, нағыз білім ізденудің, ілім жинаудың «инемен құдық қазғандай» екенін ұғындырып тұрғандай. Батыс классиг жазушыларын тесіле оқып, құныға зерттеуге кірісетін тұлғалары Гете, Шекспир, Шиллер, Гейне, Байрон, Бальзактың том-том жазбаларын бір ауыз сөзбен қайырып, шеберлік танытқан туындысы білім іздеген жандарға бағдаршам іспетті. Сондықтан, батыстың классигтері мен Абай арасында алтын көпір орнауы заңдылық.
Шыны керек, Абайдың «Толық адам» туралы ілімі ешқандай елде жоқ білімнің қайнар көзі. Х.А.Яссауидің « Хақ ілімі» түсінігін молайтып, оны толықтырып халыққа ұсынуы ұлттың құндылығын нығайтуға арналды. Алайда, осыны әлі күнге дейін терең мағынасына үңілген ғалымдар да аз. Біз осы «толық адам» формуласын дұрыс түзбей, Абай нұсқаған жолға жете алмасымыз анық.
Қазақ руханиятының паспортына айналған Абайдың «толық адам» ілімі­нің ауқымы молайып, немістердің «Ге­те институты», Қытайдың «Канфуций институты» секілді әлемге «Абайдың институтын» танытып, қазақ ұлттық мәдениеті мен дәстүрін насихаттау барлық қазақтың арман-тілегі.
«Абай мен Шәкәрімнің танымдық алгебрасы» ғылым жолына түскен жастарға үдеріс беріп, сандар мен цифрлардың өмірде өз орны мен міндеті барын түсініп, табиғат заңдылығы мен ғаламдық тепе-теңдің теориясын өз өміріңе қолдана бастайсыз. Толық аддам формуласында ең бірінші кезекте ғылымды қойған Абай, оның діңгегі матиматика саласында жатқанын бір ғана ауыз сөзбен түйді. «Алланың сөзі де рас, өзіде рас».
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жаратпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек...
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек», – деуінде ғылым мен ақыл, қайрат, жүректің адам өміріндегі орындары айтылады. Міне, білім жолында жар­қыраймын деген жанға осыдан артық жол бар ма?! Сабақ барысында уақытпен арбалысқан сәттерде Абай Құнанбаевтың «толық адам» идеясы мен қағидасы көп көмек. Кісі ақысын жемей, таза еңбекке ет үйрету, адал ас ішу секілді құндылықтар түбі береке болатынына көзіміз де жетіп жүр. Ағылшындардың заманауи білім беру жүйесімен, плагиаттық жұмысқа жол бермеу, жаңашыл көзқарасты бағалау, ізденісті кеңейту секілді критерийіне үндестіріп өз білім кеңістігін молайту арманшыл жастың мақсаты.
Абай «толық адамды» білімді, білікті, парасатты, пайымды, бәсекеге қабілетті, қоғамға пайдасы тиетін адам ретінде сипаттайды. Бүгінгінің тілімен айтқан­да, креативті, жан-жақты дамыған, яғни шетел тілдерін терең меңгерген, инновацияға жаны құмар, өз ісінің кәсіби мамандары деп қабылдаған дұрыс.
Ұлттық сананы сақтап, оны заманға сай бейімдеу бүгінгі күннің басты талабы. Тарихты танып, одан бағыт алып, келешекке нық қадам жасауда Абайдың рухани мұрасы жолбасшы, бағдаршам болады. Бұған ақынның шығармашылығына көз салған сайын көзін жете түседі.

Мақпал МАРҚАБАЙ
25 қаңтар 2025 ж. 308 0