№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жүрек жанарындағы жылу

Жүрек жанарындағы жылу

Әлеуметтік осал топтағы заматтарды қолдау және өмір сүру сапасын арттыру мемлекет алдында тұрған басты міндет. Аймақта осы мақсатта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Бұл жөнінде облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлымен хабарласқан едік. Ол былай дейді: – Облыс бойынша 33 764 тұрғын есепте тұрады. Оларды санатына қарай қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, түрлі кеңселерге, мекемелерге кедергісіз кіруіне жағдай жасауға қамқорлық көрсетіліп келеді. 2021 жылдан бастап 883 ғимаратқа арбаға таңылғандарға арнайы баспалдақ орнатылды. Биыл біріншгі рет аймақтағы барлық санаттағы мүгедектігі бар ересектер мен балаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ерекше жандардың түйткілді мәселеріне қоғам назарын аудару өзекті. Осы орайда Үкіметтік емес ұйымдар жобаларды қарастырғанда жарым көңіл жандарға көбірек назар аударса құба-құп. Ерекше топтағы жандарды әлеуметтік, саяси және мәдени өмірге қатыстыруға атсалыссақ азаматтығымыз болар еді, – дейді ол. Биылғы жылы 3-желтоқсанда Халықаралық Мүгедектер күніне орай облыс орталығында салтанатты шара ұйымдастырылып, онда осындай белсенді азаматтар «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталғанын айтты. Мерекелік шараға біздің ауданымыздан бес кісі шақырту алыпты. Солардың бірі – Құралай Тоқсанбаева жанындағы төрт азаматқа өзі бас-көз болып апарып қайтқаны жөнінде былай дейді: – Шара өте әсерлі өтті. Өйткені оған қатысушылардың дені ынтық та, ықыласты көңіл күйлерін жасыра алмай, жүзі шаттықтан жарылардай болып отырғанын байқадым. Жиында қолөнерден, сурет салудан, шығармашылық зияткерлік еңбектен аты озып, өзін таныта білген азаматтар құрмет төрінен көрініп, түрлі сала бойынша «Жыл үздігі» аталымымен марапатталды. Көзге түсетін ерекше өнері болмай-ақ қойсын, қарапайым ғұмыр сүріп жатқан олардың әрбірі дімкәстігінен жасықтау көрінгенімен ішкі дүниесінде өмірге құштарлық басым. Олар сыртқа шыққаннан, көпшілікпен араласқанның өзінен телегей-теңіз әсер алады. Көңілдері қуанышқа толып, бір сәт болсын жабырқау жалғыздықтан құтылып, әлеуметпен араласады. Кешегі шарада осыны түйсіндім, - дейді ол.Бір қынжыларлығы, ғаріп жандардың қоғамман қарымқатынасын нығайту мәселесіне бас ауыртып жүрген біреуіміз бармыз ма бүгін? Аудандық мүгедектер қоғамы және «Жебеуші» қоғамдық қорының төрағасы Нуридин Исмайловтың айтуынша, ауданымызда жалпы 2857 кісі мүгедектік есепте тұрады екен. Оның ішінде балалар саны 539-ды құрайды. Аудандағы бір түйткілді мәселе, ерекше топтағы осындай жандардың бір-бірімен бас қосып, қолынан келетін кәсібімен айналысып, өз-өзін рухани тұрғыдан түлетіп, дамуға жағдай жасайтын арнайы орын жоқ. Облыс орталығында ерекше топтағы жандар үшін арнайы орталық жұмыс істейді. Онда штатта жеті-сегіз адамы, қоғамдық негізде тағы оншақты қызметкер әжептеуір жұмыс жүргізіп келеді. Ғимарат ішінде қол өнер кәсіпшілігі және бұқаралық спорт түрімен айналысқысы келетін мүгедектер үшін арнайы бөлмелер бар. Олар сонда келіп жаны сүйген тірлігімен айналысуға мүмкіндігі бар. Міне, осы орталықтың үлгісін көріп өздігінше жұмысты үйлестіруге талпынған жекелеген аудандарда ғимарат мәселесі шешілгені қуантады.
Ауданымыздағы үкіметтік емес ұйымдар, түрлі бірлестіктер жоба қорғау кезінде осы мәселеге жанашыр көзқарас танытып, мәнді шараларға жан бітіргенін қалар едік. Ал ғимарат мәселесін шешуде аудан басшылығының оң көзқарасы көп түйткілдің тарқатылуына себеп болар еді. Бір ғажабы, мұндай тағдырлы жандарда шүкіршілік, тәубекерлік сау-сәлемет жандарға қарағанда есе-есе артық екендігі. Оларды сабырмен ұстап тұрған да, сәт сайын санасына сәуле құйып, үмітін үзбей келе жатқан да сол қанағат пен шүкіршіліктің құдіреті болса керек. Ойымызды мына тәмсілмен аяқтайық. Иса Алей һиссаламның заманында ол бір ағаштың жанына өтіп бара жатыр еді, дарақ түбінде жатқан бір міскінді көрді, көзі көрмейді, денесін жара басқан. Ол айтып жатыр еді: «Ей, Аллаһым, менің саған деген шүкіршілігімде шек жоқ, оның саны мына ағаштың жапырақтарынан да көп». Иса Алейһиссалам таң қалды. «Жағдайың мынадай, не үшін шүкіршілік етесің?» деді. Сонда міскін: «Он екі мүшесі сау болғанмен құдайға шүкіршілігі жоқ қаншама жандар бар. Жағдайым осылай болса да өзіне ынтық бір жүрек иесі етіп жаратқаны үшін Аллаға шүкіршілік етемін» деген екен. Мына сөзден Иса алейһиссалам қатты тебіренді. Аллаға дұға етті. Міскіннің жанары жайнап, жарасы жазылды. Ия, тән жарасы жазылар, бастысы жүрек жанарын түнек торламасы үшін бір-бірімізге жанашыр бола жүруді ұмытпайық.
15 желтоқсан 2024 ж. 69 0