№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 3 желтоқсан - Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні

3 желтоқсан - Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні



Бұл мереке ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелеріне қоғам назарын аударуға, оларды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатыстыруға, мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған.Баршаңызды айтулы күнмен құттықтай отырып, арнайы мәртебе берілгеніне қарамастан, біз үшін толыққанды азаматтарымыз болып табылатын барша мүмкіндігі шектеулі жандарымызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және береке тілейміз!
Айта кету керек, ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды медициналық-әлеуметтік қорғауға көп көңіл бөлінуде.Ауданымызда 2300 мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Жыл басынан бері аудан әкімдігінің тікелей ұйымдастыруымен аудандағы халыққа қызмет көрсететін мекемелер мен жекелеген кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар тарапынан түрлі форматта (қаржылай, заттай, азық-түлік, т.б) қайырымдылық көмектер көрсетілуде. 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке көмекшілеріне осы жылдың маусым айынан бастап мемлекет тарапынан зейнетақы, медициналық сақтандыру жарналары төленуде. Сондай-ақ, ауданымызда әлеуметтік такси қызметі 2014 жылдан бастап тұрақты түрде ұйымдастырылған. Аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 1-топтағы 50 мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қыркүйек айында Арыстан баб қорық мұражайына және Түркістан қаласына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Осы мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында 1 әлем чемпионы, 3 Азия және Қазақстан чемпиондары, 2 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар. "Жебеуші" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3 қазан күні мүгедектер арасында спорттың 4 түрінен аудандық турнирлер ұйымдастырылды. 4 желтоқсан күні Халықаралық мүгедектер күніне орай аудандық мәдениет және спорт бөлімінің, аудандық мүгедектер қоғамының қолдауымен және "Аманат" партиясы қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған аудандық филиалының қаржылай демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық турнирлер өткізілетін болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және көтермелеу, олардың өмірге деген құштарлығын арттыру бағытындағы осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.
03 желтоқсан 2023 ж. 268 0