Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мүгедектерге көмек түрлері артты

Мүгедектерге көмек түрлері артты


2023 жылдың 1-шілдесінен бастап қолданысқа енген Әлеуметтік Кодекске сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы жүзеге асады. Мысалы биыл осы портал арқылы өтініш берген азаматтар өздерінің қажеттілігімен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді. Заңдылықтарға сәйкес, 2023 жылдан бастап І топтағы мүгедектігі бар адамдар мен ерекше балалардың жанына ілесіп жүретін адамдарға санаторийге бару үшін жергілікті атқарушы органдардың тарапынан тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы төлене бастады. Ол санаторий құнының 70 пайызы мөлшерінде төленеді.


Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар жандар ауру­ханаға, басқа да қызмет көрсету орындарына бару үшін инватакси қызметін тегін пайдаланады. Өткен жылдармен салыстырғанда, биыл мұндай автокөліктің қызметі артқан. Мәселен, қазір ауданда қолданыста 3 инватакси бар. Оның біреуі арнайы жабдықталған. Мүгедектігі бар азамат инватакси қызметін пайдалану үшін бір күн бұрын өтініш жібереді. Арнайы автокөлік пен 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды халыққа қызмет көрсету орталығына, күнделікті жұмысына, қоғамдық орындарға, моншаға, балалардың балабақшаға барып келуіне жағдай жасалған.
Сонымен қатар, 15-қазан – Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай жергілікті бюджеттен төленетін бір реттік 3 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көмек барлық мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға берілді. Ал, аудан бойынша «Жеке оңалту бағдары» бағдарламасы арқылы 2000-ға жуық тұрғын көмек алады. Көмектің ішінде мүгедектік арбасынан бастап, балалардың ортопедиялық аяқ киімдері, бір реттік жаялықтар сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті заттардың барлығы қамтылған. Аталған көмек түрле­рі дәрігердің дайындауымен босатылады. Мүмкіндігі шектеулі азамат Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы онлайн өтініш беріп, өзінің ем алғысы келетін шипажайы мен қажетті затын таңдай алады. Тіпті, бір реттік жаялықтарды да өз қалауларына сай ала алады. Барлығы ашық, қолжетімді.
Айта кетейік, бүгінде ауданда жұмысқа қабілетті ерекше жандарға жұмысқа орналасу жұмыстары да атқарылып келеді. Мысалы, биыл Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығының «Жаңақорған ауданының Мансап орталығы» филиалына 283 жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азамат еңбекпен қамтуды сұраған. Нәтижесінде, 53 азамат «Бастау» бизнес курсында оқып, оның 25-і қайтарымсыз грант жеңіп алып жеке кәсібін бастаса, жастар тәжірибесімен 5 адам, қоғамдық жұмыстарға 53 азамат, ал тұрақты жұмыспен 64 адам қамтылған.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, мүмкіндігі шектеулі жандарға шексіз мүмкіндік жасау біздің қоғамның басты назарында. Ол жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі арнайы тоқталып, «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым», – деген еді. Демек, бұл жұмыстарды жүйелі атқару үшін тек жауапты мекемелер ғана емес, қоғам болып атсалысуымыз керек.
Ерекше жандарға ерекше қамқорлық көрсетіп, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылдауға тиіспіз.

Ақмарал Мамырбекова,
Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманы

23 қараша 2024 ж. 173 0