Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Дойбы турнирінің дүбірі

Дойбы турнирінің дүбірі


13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай, көру қабілеті нашар адамдар арасында Қазақ зағиптар қоғамы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен дойбы турнирі өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – зағип жандардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оларды қоғамға көбірек араластыруға ықпал ету. Аталмыш дойбы турнирін аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы ашып, жарысқа қатысушыларға тілек-лебізін жеткізді.

Мүмкіндігі шектеулі жзандардың қоғамнан тыс қалмай, барлық шараларға белсене араласып жүргені өзгелерге үлгі боларлық іс. Осындай шаралардың ұйымдастырылып тұруына үлкен үлес қосып, әлеуметтік оқшауланудың алдын алып жүрген аудандық мүгедектер қорының төрағасы Нуридин Исмайлов пен зағиптар қоғамының төрағасы Илиясбек Тұрғанбековтың еңбегі ерекше. Сіздерге үлкен алғыс білдіреміз, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Дойбы – логикалық ойлауды, стратегия құруды талап ететін интеллектуалды ойын. Көру қабілеті шектеулі адамдар үшін дойбы ойыны – өздерін дамытуға, қоғаммен қарым-қатынас орнатуға, әлеуметтік интеграцияны жақсартуға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дойбы зағип жандарға сенсорлық қабілеттерін дамытуға көмектеседі, өйткені олар ойын тақтасы мен фигураларын қолымен сезіну арқылы ойнайды.
Турнир жергілікті зағип жандарды қолдау ұйымдарының демеушілігімен өтті. Шараға әртүрлі жастағы зағип жандар қатысып, шеберліктерін көрсетті.
16 қатысушыдан құралған сегіз ойын тобында үздік ойын көрсеткендер әділ бағаланып, турнирдің нәтижесінде 1 орын - Маулен Темірханға, 2 орын - Қасымханова Назираға, 3 орын - Секентай Махамбетке бұйырып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Ойынға, қатысушылар бұл шараның үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Олар үшін дойбы тек ойын ғана емес, достарымен араласудың, қоғамның бір бөлшегі екенін сезінудің жолы. Сонымен қатар, мұндай жарыстар өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.
Дойбы турнирі зағип жандардың мүм­кіндіктерін көрсетіп қана қоймай, оларды белсенді өмір салтына тартуға жол ашады. Бұл шара олардың өзін-өзі дамытуға және қоғамға кірігуіне тағы бір мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар мұндай турнирлерді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр, өйткені зағип адамдардың әлеуетін ашуға және қоғамның назарын олардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне аударуға қоғам да мүдделі.

Жәмила ЕРМАХАН
16 қараша 2024 ж. 368 0