№78 (8789) 1

01 қазан 2024 ж.

№77 (8788) 28

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (8787) 24

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Astana Media Week 2024: медианың әсері және цифрлық үндестік

Astana Media Week 2024: медианың әсері және цифрлық үндестік


Бүгін Астана қаласында ASTANA MEDIA WEEK 2024 форумы басталды. Медиа апталыққа БАҚ саласының өкілдері, сарапшылар, республикалық және аймақтық журналистер,  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баспасөз қызметкерлері қатысуда.

Форумның ашылуында  Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов сөз сөйлеп, мұндай кездесулердің БАҚ өкілдері үшін берері көп екенін атап өтті.
Сондай-ақ, министр Аида Балаеваның хатын оқып берді.
«Құрметті әріптестер, баршаңызды жыл сайынғы Astana Media Week апталығының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Биыл «Медианың әсері және цифрлық үндестік» тақырыбына арналуы қоғамдағы өзгерістер мен жаңа технологиялық дәуірде ақпараттық маңыздылығын тағы да айқындай түседі. Медианың күнделікті өмірде ықпалы зор, ол тек ақпаратты тарату ғана емес қоғамдық пікірді қалыптастырушы мәдениетті дамытуда үлес қосады. Цифрлық технология жылдам дамып, осы үрдістерді жаңа деңгейге көтеріп медианың ықпалын одан әрі күшейтеді. Бұл үрдістер медиа мамандарының біліктілігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Astana Media Week медиа саласының көшбасшылары мен кәсіпқой мамандар мен сарапшыларды бір алаңға жинап, өзекті мәселелерді талқылайтын кәсіби алаңға айналды. Баршаңызға табыс тілеймін», – делінген хатта.Айта кетейік, медиа саласы өкілдерінің басын қосқан шара 3 күнге жоспарланған.
Astana Media Week – отандық медиа индустрияны дамыту және іскерлік қатынастарды күшейту үшін жасалатын, Қазақстандағы мемлекеттік, тәуелсіз, кәсіби және жаңа БАҚ-тың басын қосатын іс-шара.
Еліміздегі басты коммуникация алаңында ведомство басшылары, халықаралық сарапшылар, инфлюенсерлер мен сала мамандары кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап, идеяларын жариялайды. Байланыс орнатып, презентациялар жасап, алдағы жылға жоспарларын айтады. 
Сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған медиа форумда «Қазақстан әлемдік ақпараттық алаңда», «Медианың жаңаруы: заң, қауіпсіздік және трансформация», «Медиа трендтер: классикалық платформадан цифрлық медиа-экожүйеге дейін», «Өңірлік БАҚ дамуында синергияның көрінісі», «Медиа мамандарды даярлау: не күтеміз, не аламыз?», "Подкаст – журналистикадағы жаңа жанр", "Медиа этика және журналист мәртебесі" деген тақырыптар талқыланады. Сонымен қатар, ҚР Президентінің баспасөз қызметімен кездесу жоспарланған.
Форум соңында «Үздік баспасөз хатшысы», «Ақпарат саласының үздігі» және «Үркер» ұлттық сыйлығын табыстайтын салтанатты кеш өтеді.
25 қыркүйек 2024 ж. 182 0