Жасұлан Мәдиев цифрлық даму министрі болып тағайындалды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасұлан Мәдиевті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі етіп тағайындады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мәдиевтің министр болып тағайындалғанға дейін Binance Kazakhstan бас менеджері болып жүрген. Оның алдында цифрлық даму министрлігінде бірінші вице-министр болған.
2020-2022 жылдары ол Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2019-2020 жылдары Қазақстан ұлттық экономика вице-министрі, 2018 жылы "Қазақстан темір жолы" компаниясының қаржы жөніндегі басқармасының төрағасы болып тағайындалған.
30 сәуірде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "өз еркімен" қызметтен кеткен еді. Мусин бұл министрліктің басына 2020 жылдың 2 қыркүйегінде келген еді.