Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Мәдениет – ұлттың ұлықтаушысы

Мәдениет – ұлттың ұлықтаушысы

Аудан әкімі Мажит Самитов мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті. Алдымен аудан басшысы аудандық тарихи - өлкетану музейінің және аудандық архивтің жұмысымен танысты.

Одан соң аудандық мәдениет үйінің фойесіне қойылған көрмемен танысып, мәжіліс залында аудандағы мәдениет саласының қызметкерлерімен пікірлесті. «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы», мәдениет саласы ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Набихан Шалапов, Бесарық ауылдық клубының директоры Жәнібек Сыздықов, аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Әсемкүл Тілеубергенова өз ұсыныстарын жеткізді.
Жиын барысында мәдениет үйлері мен клубтар жанынан ашылған "Адал адам" мәдени тәрбие орталықтары мен түнгі кітапхана қызметі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Кездесу шарасының соңында аудан әкімі аудандық мәдениет үйіне сыйға компьютер табыс етіп, сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.
15 шілде 2024 ж. 1 112 0