№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Алшынбай кітабы жарық көрді

Алшынбай кітабы жарық көрді

Ұлтым деп соққан ұлы жүрек-туған елім деп туласа, білім мен білігін туған ел тарихын өркендету жолына арнаған тұғырлы тұлғалар аз емес. Сол тұлғалардың бірі мен бірегейі Тұртанұлы Алшынбай. Ағамыздың азамат ретіндеде Жаңақорған ауданының дамуына қосқан үлесі жетерлік. Ол қажет заманында туып, керекті шаруаларға дем беріп, киелі іс тындыра алған ел ардағы еді. Аудан көлеміндегі құрылыс жұмыстарына техникалық қадағалаушы қызметін өз дәрежесінде атқарған ел ағасына Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, ҚР аудандағы №1 құрметті құрылысшысы атағын берген.
Ағамыздың еңбектері мен естеліктері тоғысқан өмір жолын "Асу бермес Алшынбай" кітабының тұсауы кесері бүгін А. Сопыбеков атындағы аудандық кітапханада болып өтті. Салтанатты шараны тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы мен жазушы, драматург Жолтай Әлмаш және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, "Парасат" орденінің иесі Қалқазбек Әжібеков мырзалар ашып беріп, Қоғам қайраткері Әбілбашар Ілясұлымен Қызылорда облысы мәслихатының депутаты Жанкелді Ысқақұлы керемет Алшекең туралы естеліктермен бөлісті. Сунақата ауылы әкімінің бас маманы, кітапхананың тұрақты оқырманы Жанболат Ерсұлтан, Алшынбай ағаға арнауын оқып, Ерсұлтанның ұлы Бексұлтан күмбірлеген күймен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
"Асу бермес Алшынбай" кітабының авторы Нұрлат Байкенже ел ағасы туралы пікірмен бөлісіп, кітаптың шығуына көмек беріп, жол сілтеген жоғары аға буынға рахметін білдірді. Алшынбай Тұртанұлының ағайыны Нұрлат Байкенжеге иығына шапан кигізіп, астына ат мінгізді. Міне осындай Ұлы тұлғаларымызды ұлықтайтын жастарымыз көбейе берсін.
Ар жүгін арқалаған, ақиқатын алқалаған ұрпаққа ұлағатты ізін тастаған бұл кітаптың оқырманы көп болғай.

Аудандық кітапхана

09 маусым 2024 ж. 299 0