» » Бердібек Сапарбаевтың 70 жылдығына орай ғылыми-танымдық конференция өтті

Бердібек Сапарбаевтың 70 жылдығына орай ғылыми-танымдық конференция өтті



М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат», «Құрмет» және І дәрежелі «Барыс», "Отан" ордендерінің иегері, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының Құрметті азаматы Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының 70 жылдығына арналған "Туған жердің текті тұлғасы" атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференцияны ашып, жүргізіп отырған облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов мерейтой йесінің азаматтық тұлғасы, қайраткерлік қасиеті мен іскерлік қабілеті туралы айтып өтті.
Мұнан соң ақын, журналист, «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының» құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов, «Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Бақыт Нұртазаев, «Парасат» орденінің иегері, Қызылорда облыстың Құрметті азаматы Алмагүл Божанова, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторы Баян Үсейінова, Қазақстан Республикасы Оқу ісінің үздігі, "Хорасан ата" қоғамдық қорының төрағасы Әсілбек Айтжановтар баяндама жасап, естеліктерімен бөлісті.

Шараға облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов, облыстық және ауданның зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар қатысты.
13 желтоқсан 2023 ж. 154 0