№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » Апат – адамзатты біріктіретін құбылыс

Апат – адамзатты біріктіретін құбылыс


Қыс айының құрсауынан босап, көктемнің шуақты күндерін тосқан табиғат атаулыға тосын құбылыс тудырған төтенше жағдайлар қараша елді қапелімде қатты уайымға салып қойғаны рас.
Өйткені мұндай қиыншылық соңғы сексен жылда болмаған екен. Сол ауыртпалық біздің маңдайымызға жазылып, төзімімізді де, білім-білігімізді де сынға салып тұрған жағдайы бар. Ең бастысы – бас амандығы. Десек те қордаланған қиындықтарды жалғыз-жарым еңсеру тіпті де мүмкін емес.
Мемлекет басшысы болып жатқан ахуалды өз көзімен көріп, ауыр аудандарды аралап шыққаны белгілі. Бейбіт күнде берекесі кеткен елдің бесіктегі баласынан бастап әбіржулі күйін көріп, жүзбе-жүз кездескеннің маңдайынан сипап, көңіліне дем беріп, бәрі жақсы болатынына сендірді. Өзі басқарып отырған батыл да намысты, талай тар жол, тайғақ кешуден аман өткен тағдырлы бабалардың жалғасы – қазақ деген халықтың ағайынның қайғысын бөлісуге келгенде құшағы ашық, аузындағысын бөліп берер табиғи қадір-қасиетіне арқа сүйегендіктен артында тұрған асқар тау елінің атынан берді бұл уәдені.
Мемлекет басшысының бүгінгі халыққа арнаған Үндеуінен де біз осындай жарқын ой, тұғырлы тілекті танып отырмыз. Өзміз түгіл өзгені тығырықтан шығарып алуда шынайы көмегімізді аямайтын ақ пейіл мінезімізбен Алланың бұл сынағына да төтеп беріп, тәубемізді арттырып, алғы күндерде аман-саулықта болу – барлығымыздың ортақ тілегіміз.

Баян Үсейінова,
"Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторы
06 сәуір 2024 ж. 313 0