№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » “Шәкәрім оқулары” өтті

“Шәкәрім оқулары” өтті


“Әлем - Book” жобасы аясында Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 166 жыл толуына орай «Шәкәрім оқулары» атты аудандық байқау өтті.


Байқаудың негізгі мақсаты – атадан балаға мирас болған қазы­намыз – ана тілінің қасиет-қадірін терең ұғындыру көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін ұш­тап, жетілдіру. Жастардың бойында ұлы ойшылдардың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін оятып, биік мақсат қоя білетін ұлтжандылыққа баулуды көздейді.
Байқауға аудандық білім бөлі­мінің әдіскері, қазақ тілі маманы Дариға Айдарова, Манап Көкенов атын­дағы өнер мектебінің меңге­ру­шісі Уали Ибрагимов әділқазы­лық етіп, талапкерлерге лайықты бағасын берді.
– «Шәкәрім оқулары» байқауы­на ат қосқан үміткерлердің көп оқып ізденіп, ақын мұраларын зерт­теп-зерделеу арқылы дана баба­мызды жете тани түскеніне дау жоқ. Жас ұландардың ұлы ойшылды тануға ықылас танытқаны ұрпақ сабақтастығы, рухани мұраның өміршеңдігіне тағы бір көзімізді жеткізді, – деді Уәли Ибрагимов.
Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан ақынның қай өлеңін де мүдірмей жатқа оқыған, әділқазылардың қойған сұрақтарына толымды жауап берген №110 мектептің 6 сынып оқушысы Сатыбалды Іңкәрімай бас жүлдеге ие болып, Ә.Тәжібаев атында­ғы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілетін байқауға жолдама алды. Ал, 1 орынға №163 мектептен қатысқан 7 сынып оқушысы Талғат Айшабибі, 2 орынға №208 Кейден ауылдық мекте­бінің 8 сынып оқушысы Нұрәділ­қызы Айдидар, 3 орынға №213 Әбдіғап­пар ауылдық мектебінің оқушысы Тасболат Бақдәулет ие болды.

Әсел РЗАЕВА

24 ақпан 2024 ж. 642 0