Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Төл газеттің орны -төр

Төл газеттің орны -төр

Мен мектеп қабырғасында жүргенімде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін сүйіп оқып, қабырға газетінің шығарушысы болдым. Жетінші-сегізінші сыныпқа өткенде мақалаларымды аудандық «Коммунизм жолы» газетіне алып келіп жүрдім. Мені алғаш қарсы алған журналист Мағираш Тұрсынованың жылы жүзі жүрегімде сақталып қалыпты.
  Мектеп тынысы, жеткен жетістіктер мен атқарылған іс-шаралар тақырыбымның негізгі арқауы болатын. Міне, содан кейін қаламым ұшталып, «Қазақстан пионері» газетінің жас тілшісі атанып, одан соң «Қазақстан әйелдері» журналына мақалаларым жариялана бастады. Менің осы жетістікке жетуіме журналист Мағираш Тұрсынованың көп демеуі болды деп ойлаймын.

Кейін «Жаңақорған тынысы» аталған бұл газет әлі күнге дейін менің өмірімнің бір бөлшегіне айналғандай. Аудандық денсаулық саласында еңбек жолымды бастағалы қырық жылдай уақыт өтті. Мен осы салада еңбек етіп жүріп, төл газетімізбен байланысты үзген емеспін. Ауданның тыныс-тіршілігі мен жаңалықтарын, еңбек озаттары мен майталмандарын, еліміздің өркендеуіне еңбегі сіңген ағаларымыз бен апаларымызды газет арқылы танып – біліп, үлгі тұтып келемін.

Қызмет бабында жүріп те, редакция ұйымдастырған дөңгелек үстелдің қонағы боп та, жастар мен жасөспірімдерді толғандырған сауалға психолог маман ретінде жауап беріп жүмрін. Өмір жолындағы кедергілерден сүрінбей өтуге ықпал жасап, саналы ұрпақ тәрбиесіне тағлымды туындыларым арқылы үлес қоссам деймін.

Мен қазір де қолым қалт етсе, шығармашылықпен айналысып, әлі де болса сүйікті газетіме мақалаларымды жариялап отырамын. Ол үшін маған көмектесіп, жол көрсетіп отыратын, мықты журналист, өз ісінің шебері Баян Үсейнова ханымға алғысым шексіз. Мен «Жаңақорған тынысы» газетінің ұжымын төл газетіміздің 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне творчестволық табыс тілеймін.

Газет ұжымының мәртебесі жоғары, мерейі үстем болып, оқырмандары көбейе берсін деп тілеймін.

Гүлзипа Сарбасова
11 қыркүйек 2023 ж. 361 0