№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сөз құдіреті


Қаланың қым-қуыт тіршілігінде кітап оқуға уақыт бола бермейді. Бірақ телефонға кететін уақытты еске алсақ бұл біздің тек сылтауымыз болып қалады екен. Сонымен кітап дүкенін аралап жүріп, Шерхан Мұртазаның «Интернаттың наны» деген кітабын алып келдім. Кішкентайларды ұйықтатып тастап оқуға отырдым. Аса қалың емес шағын кітапты бас алмай қызыққаным сонша таңғы төртке дейін бітіріп тастадым.


Ал алған әсерім...
Өмір болған соң түрлі сауалға тап боласың. Пендешілікпен торығатын кезің болады. Ондайда әлеуметтік желіде ақыл айтқыш жанашырлар көп. «Мотивация береміз. Өміріңді жарқын ететін жақсы сөзіме құлақ сал» дейтін әлдебіреуге сарп еткен алтын уақыттар-ай. Ол өзі ақыл айтып отырғандардың көбі күйеуден ажыраған, өз қарақан басының қамы үшін нендей қадамға болсын баратын тәуекелін саған таңып, сені де азғыратынын қайтерсің?
Ал мына кітабында Шерағаң кейіпкері – интернатта оқып жатқан ауылдың баласының басынан өт¬кергендері алып-қоспасыз шынайы суреттеледі. Біреуінің артынан бір қалта талқан келіпті. Ол бір түні жоғалды. Бәрі сен алдың деп тұлдыр жетім баланы соққыға алды. Шындығында кінәлі ол емес. Бірақ нәпсі кісіге не істетпейді? Бәрі жабылып соны қарадай жек көріп, ішек бауыры ұлып тұр.
Адам өткенді білу үшін, бүгінгі тоқ заманның қадіріне жету үшін кітап оқу керек екен ғой. Жазушы жаңағы ғажап өмірді уәде еткен сылқымдар сынды маған бір ақыл айтқан жоқ, бір ауыз ескерту де жасамады. Тек сорғалаған өмір шындығын қалам құдіретімен қағазға түсіріп, көз алдыма шынайы елестетіп берді. Бір сәтте өз өмір дағдымызға терең ой көзімен қарап көптеген кемшіліктеріміздің бар екенін сол сәтте-ақ терең түйсінгендеймін. Бір қалта талқанның қадірі қандай, бір үзім нан үшін бір-бірін қиянатқа да қиған заманның тарлығы қандай, тоқ жүрген адам оның бірін түсінбейді екенбіз. Тіпті қала қазағы қазір нан жемейтін болды. Зиян. Оның орнын витамині мол, сіңімділігі тез деп басқа тағамдарға ауыстырғанды дұрыс көреміз. Балаларымызға тәттілерден қалағанын алып, жегенін жеп, қалғанын қоқысқа тастаймыз.
Бәрін қойып, ауылда әке-шешеміз тамақ жеп болған соң қолының майын жалап отырса оны теріс көреміз. Қолының майын сулыққа сүртудің өзі ысырапқа жатады деген сөздің мәніне бармайды екенбіз. Ыдыс жуатын ұнтағыңды дайындап тазалыққа кіріспес бұрын анамыздың табақтағы тамақтың қалдығын ыстық сумен сыпырып-сиырып, ең болмаса мал жесін деп жуындыға қотарып құйып алып, «ал енді сабындайсың ба, басқа қыласың ба, өзің біл» деп бізге жууға беретін әрекеті де осы ысырапшылдықтан қорыққаны екен -ау деп енді ойланып отырмын.

Айғаным ШАЙЫН
22 ақпан 2023 ж. 373 0