№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Обалы қорым қазбалары

Обалы қорым қазбалары

Қарт Қаратау қапталында сырын ішіне бүгіп жатқан үңгірлер, жартастағы таңбалар мен мүсіндер өте көп. Сыр бойындағы құм астында қалған қалалар мен қорғандар, биікбиік төбелер мен қамалдардың, обалар мен каналдардың тұнып тұрған шежіресін, қатпарқатпар тарихи құпияларын ішінде сақтаған сұлу Сырдың қос қапталын қатар алып жатқан Жаңақорған өңірі. Ұлы даланың тарихында бұл мекеннің орны ерекше.


Жаңақорған обалы қорымы ауданның шығыс жағында Түркістан – Қызылорда, Жаңақорған – Шалқия тас жолдарының оң жақ бетінде орналасқан. Ерте темір дәуірінің Жаңақорған өңіріндегі ескерткіштеріне Жаңақорған обалы қорымын ерекше атауға болады.
Жаңақорған обалы қорымын 2005 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуов ашып, зерттеген. Обалы қорым солтүстік шығыстан оңтүстік-батыс бағытында тізбектеле орналасқан 18 обадан тұрады. Үйінділері тас аралас топырақтан үйілген, төбе іспетті, диаметрлері 12-22 м, биіктіктері 0,3-0,5 м. Қазіргі таңда обалы қорым орналасқан аймақ қала салу жоспарына енгізіліп, көшелер салынып жер учаскелеріне бөлінген. Жеке тұрғын үй салу басталып кеткен, жоғары кернеулі электр желілерінің газ тасығыш құрылғыларының салдарынан обалардың бірнешеуі бұзылып кеткен.
2016 жылы обалы қорымға археологиялық зерттеулер басталып, солтүстік-шығыстан есептегенде №8 обаға қазба жұмыстары жүргізіледі. Оба тас аралас топырақтан дөңгелекше пішінді төбе іспетті үйілген. Обаның беткі үйіндісінің стратиграфиялық қабатын анықтау мақсатында солтүстіктен оңтүстік бағытында кесінді қалдырылды. Обаның көлемі үлкен болғандықтан батыс бөлігі техниканың көмегімен қазылды. Ал шығыс бөлігі беткі үйіндісінің қабаттарын ашып, зерттеу үшін қолмен қазылды. Обаның беткі үйіндісі екі қабаттан тұратындығы анықталды.
Кесіндінің солтүстік-шығыс бөлігін қазу барысында үйіндінің ең жоғары нүктесінен 0,4м тереңдікте төмен түсіру барысында құрылық қабатынан мүрде шұқырының сұлбасы байқалды.
Қазба орнында жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде мүрде шұқыры екі камералы етіп қазылғандығы анықталды. Ішкі бөлігіндегі жерлеу камерасына мүрде қойылғаннан кейін бетіне көлденеңінен қамыспен бекітіліп, үсті толықтай майда тас аралас құммен көмілген.
Қазба жұмысы барысында анықталғандай, оба сол заманда-ақ тоналғандығы белгілі болды. Обаның тоналуына байланысты табылған олжалар өте аз.
Жерлеу камерасы тік төрт бұрышты етіп қазылған. Шұқырдың төменгі жағы ішке қарай қиғаштала қазылған. Шұқырды тазалау барысында әр деңгейде шашылып жатқан сүйектердің қалдықтары анықталды. Мүрденің сақталмағанына және сүйектердің әр деңгейде шашылып жатқандығына қарап, мүрде сүйектері тонау кезінде сыртқа шығарылып тасталған деп айтуға толық негіз бар. Шұқырдың еденін тазалау барысында алтыннан жасалған 1 дана қапсырма, шегенделген алтын таспа бөлігі және киімді безендіруге арналған алтын сымдар қалдықтары алынды.
Алтын сымды жіптің сыртынан орап киімге зер салған деген болжам бар. Сонымен бірге екі жүзді етіп темірден жасалған қылыштың бөлігі анықталды.
Обалар қорымында жүргізілген археологиялық ғылыми зерттеу жұмысы кезінде табылған заттай материалдардың басым бөлігін киімді әшекейлеуге және өрнектеуге арналған алтыннан жасалған әшекейлік бұйымдардың қатарында киімнің жиегін әшекейлеуге арналған екі шегемен бекітілетін қапсырма және тойтарма шеге ерекше назар аудартады.
Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған мәдени ошақтардың бірі. Сондықтан сақ дәуіріне жататын обалардан табылған қылыштың сынығы, алтын жіп, қапсырмаларды экспозициядан көруге болады. Тәуелсіз еліміздің төл тарихын зерттеп, түгелдеп, қастерлеу басты борышымыз.

Құралай Дәрмен,
Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану
музейі филиалының әдіскері
01 мамыр 2023 ж. 456 0