№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы

Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы

Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі Отан. Отан отбасынан басталады. Демек тәрбие-тағылым отбасынан берілетін ұлттық құндылық. Қазақ халқының даналығы, әр істі бастардағы тәрбие-тәлімі тамыры тереңде жатқан асыл мұра. Осы жолда ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды қолға алған кент орталығындағы №3 мектеп-интернаты ұжымы да жастардың бойына ұлттық сана-сезімді сіңіруде дәстүріміздің бір тармағын паш етіп, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртты.


  Осы күні ұрпақ бойында салт-дәстүрмен бекіген ұлттық рухты одан әрі дамыту, өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялату, патриоттық рухы жоғары бала тәрбиелеу мақсатында мектептің тәрбие бірлестігі «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты тақырыпта 5-8 сыныптар арасынан құралған «Тәуекел», «Тұмар», «Ұлағат» және «Ұшқын» топтары өзара сайысқа түсіп, бақтарын сынады.

Алғашқы таныстыру кезеңінде әр топ үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету ертеден келген, қанымызға сіңген игі қасиет екенін айтып, бүгінгі күні өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде заманауи білім берумен қатар, баланың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастыруда мектептің үлесі орасан зор екендігін ерекше атап өтті. Ал жанды дауыста ән айту бөлімінде төрт топ та үздік деп танылып, фонограммамен ән айтып, эстрадада жұлдыз болып жүргендерді шаң қаптырды.Табақ жасау сайысы бойынша «Ұшқын» және «Ұлағат» тобы қадірлі қонаққа тартылатын жіліктің түрлеріне тоқталып, қазақтың табақ тарту дәстүрінен хабары бар екендіктерін көрсетті.

Тәрбиелік мәні бар көрініс көрсету сәтінде «Ұшқын» тобының «Бала тілегі» қойылымы көрерменге ой салатын ерекшелігімен көптің есінде қалды. Ал «Ұлағат» тобының «Менің де атым Қожа» қойылымын жаңаша форматта алып шыққаны көрерменге ой салды. Қандай жағдайда болмасын еркеліктің шегі болатынын, оның алдын алмаса оқушының жасаған тентектігі орға жығатыны бейнеленген қойылым өмірлік мәні бар картинаны сипаттады. «Тұмар» тобы күнделікті қолданыстағы салт-дәстүр арқылы қыз бала мен ұл баланы тәрбиелеуге болатынын көрсетсе, «Тәуекел» тобы «Бір уыс мақта» қойылымын ұсынды.

Ең қызықты сәт салт-дәстүр мен мақал-мәтелдің жалғасын табу сайысында барлық топ білімі мен біліктілігін ортаға салып, өте жоғары деңгейде дайындалғандарын дәлелдеді. Нәтижесінде Бас жүлдені «Ұлағат» тобы иеленсе, қалған топтар арнайы номинациялармен марапатталды.

Осы күні әріптестерін сан қырынан танығын білім ордасының директоры Ләззат Машбекқызы өз таңданысын жасыра алмады.
– Қазақ елінің болашағы жас ұрпаққа қазақтың салтдәстүрі мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуді, халқымыздың асыл қазыналарын сақтауды, қорғауды үйретуді тек мектеп кезінде ғана оқытып қоймай, оны ары қарай да жетілдіру негізгі міндетіміз. Сондықтан осындай іс-шараның ұйымдастырылып тұруы орынды. Әсіресе осы сахнада орын алған әр құндылықты оқушы өзі қатыспайынша түсінбеуі мүмкін. Сондықтан тек оқушымен тоқталмай, топтық негізде үлкен іс атқарып, оған ата-ананы тартқандарыңызға риза болып тұрмын. Сонымен қатар бүгін қызметкерлерімді тек ұстаздық қырынан емес, әнші, биші, тіпті сөз өнерін меңгерген жаңаша қырынан таныдым. Мен осындай ұстаздар қауымымен әріптес болғаныма мақтанамын, – деді мектеп басшысы.

Түйін. Болашақ еліміздің ертеңі, мақтанышы болар жас ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындату әрбіріміздің басты парызымыз. Ұлттық құндылық-тарды қадірлей білетін, оның маңызын түсінетін, салтдәстүрді терең меңгерген ұрпақтан «елім дейтін ер» шығары анық.

Лаура АЙДАРХАН



23 сәуір 2023 ж. 946 0