№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ит жақсысы - тазы


Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген басымдықтар ұлттық таным-түсінікті тереңінен танып, жаһандану заманында ұлттық кодтан негіз алуымызға бағыттайды. Мыңжылдықтар көшінде ата-бабамыз табиғатпен үндесіп өмір сүрсе, осы үйлесімдікті жан-жануарға құрметпен қарағанынан тануға болады. Әсіресе тазыны иттің төресі санап, болмысы бөлек жаратылған тазыны жеті қазынаға жатқызды. Осы құндылықты құптап жүрген қандөздік Нұржан Қабыловты сөзге тарттық.

  Ол жастайынан саятшылыққа құмар болып өседі. Бүгінде екі тазысын баптап, күтеді. Оларды досы санайды. Әрі аңға шыққанда қасыңан тастамай, аңшылықтың қыр-сырын үйретіп жүреді.

– Мен қарапайым ғана аңшымын. Бір күні теледидарды қарап отырсам, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала аясында талқылау жүруде екен. Ерекше қызығушылығым артып, мұқият тыңдап едім, ішінде «Жаңа заманның өткеліне табан тіреп тұрып, бұрынғы тамырымызды тектілікпен бекемдеуге тиіспіз» деген жері, жастарды тектілікке тәрбиелеудің бағытын нұсқайтындай. Соның ішінде тазы баптау да қамтылыпты. Ақиқатында, тазы қазақтың жеті қазынасының бірі. Тек, кейінгі кездері көпшілігі тазы баптауды ұмыт қалдырып жатқан секілді. Тазы тумысынан саятшылық үшін жаратылған. Таза аңшылық үшін асырасаңыз көзін ашқаннан баули бастау қажет. Күшік кезінде астына қасқырдың терісін төсеніш етсеңіз немесе жүрегін берсеңіз өжет болады. Қаймығу деген қанынан жоғала бастайды. Ал ізге түсіп, тез табуы үшін тұмсығына кез келген аңның өтін құйған дұрыс. Төрт айлығынан теріні тартқызып, мойнын сындыра бастаймыз. Кейін қоян, қасқырға түскенде алданбай, жалт бұрылуға дағдыланады, – дейді ол.

Нұржан әлгіндей жаттығуларды ертерек бастау қажет деп санайды. Әсіресе, мойны қатайып кетпей тұрып қолға алу қажет. Сосын сегіз айлығынан бастап ұсақ аңға сала беруге болады. Кейін ауызданып алған құмай өзі-ақ далаға шыққысы кеп тұрады.

– Тазыны аңға салар алдында да дайындайсыз. Жылқы баққандай жілік майын толтырасыз. Егер дұрыс күтім көрмесе, іші таза болмаса жүгірмейді. Ол үшін оған сары май мен жылқының құйрық қылын беріп құстыру қажет. Сол арқылы ішіндегі қыл-қыбырлар түседі. Осыдан соң саятшылықты бастай беруге болады. Егер тазы ұстаған олжасынан жейтін болса, онда оны тұтастай соған беру керек. Неге десеңіз, ол аң адал болмайды деген ырым бар. Өз басым, осы қағиданы берік ұстанамын. Егер аңшылыққа шыққанда, қоян, қасқырды тістелейтін болса мен оны сол бойына тазыма бере саламын. Көбіне, аңға шығатын кезде тазыларымды жақсылап тамақтандырып барып шығамын, сол кезде ол тиіспейді, – дейді Нұржан.

Иә, кейіпкеріміздің сөзіне қарағанда тазы баптаудың тарихы тым тереңде екен. Тіпті, ол тазыларын жыл мезгіліне қарай бөліп, бөлек-бөлек баптайтынын да тілге тиек етті. Бейімділігіне байланысты жазда басқа, қыста басқа тазысын ертіп шығады.
– Шыны керек, мен өзім тазының бойындағы ерекше қасиетке таң қаламын. Екі тазыға бір ыдысқа ас құямын. Екеуі таласпайды. Ішіндегі мықтысы алдымен ішеді де, одан әлсіздеуі үндемей күтіп жатады. Өзінің кезегі келгенде тұрып ішеді. Негізі, олар қыста болмаса күн жылыда тамақты аса көп қажет етпейді. Яғни, көп иттер секілді тамақсау емес, – дейді тазы асыраушы Нұржан .

Әсел РЗАЕВА

11 маусым 2023 ж. 658 0