«Талант жүрекпен тілдеседі»
Тасқа басылған сөзде талант табиғаты тұнып тұрады. Оны тылсымның түкпіріне алып ұшып Тәңірдің өзімен жалғайтын аққанат періштелер ақ пен қара арпалысқан көк пен жердің ортасында сәулелі сенімді сүйіншілеп, жаратылыс атаулыны жақсылыққа үміттендіруден бір талмайды. Бар сенері де, сүйенері өлшеулі ғұмырында бір тыншу көрмей, тасты да жібітер жүрек әлдиімен адамзаттың арманын мәпелеуге ұмтылатын ұлы өнердің қарлығаштары сынды. Сайын сахарадан мейірім мекенін іздеп, ұлағаттының көкірегіне ұя салған осындай қарлығаш тілектің қатарында пейілі ерек, қарымы бөлек қаламгер Жолтай Әлмашұлының ар сөзін арқалаған азаматтық үні айқын екенін мойындауға тиіспіз.
Прозаик, драматург, ғалым Жолтай Жұматтың соңғы жылдары «Кең де, тар дүние» трилогиясы, «Ащы да, тәтті өмір» атты қысқа романдар жинағы, Мәскеудің көркем әдебиет баспасынан «Жизнь горкая и сладкая» деген кітабы орыс тілінде жарық көрді. Тарихи тақырыпта драмалық шығармалары, оның ішінде Садықбек Сапарбековтың Сәкен Сейфуллинмен кездесу сәтін бейнелейтін «Сәкеннің соңғы сапары» пьесасы бар, республикалық театр сахнасында жыл сайын сахналанып келеді. Ұлыстың ұлы мерекесінде туған елінде мерейтойы аталып өткен Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековке арнап жазған «Шаңырақ-Арман» қойылымы қазақ жазушысының бүгінгі қонған тұғырының өзіндік болмысын тағы бір бекемдеп берді.
Халықаралық «Золотое перо Руси» әдеби конкурсының жеңіімпазы, Баш¬құртстан Жазушылар Одағының ше¬тел қаламгерлеріне арналған арнайы сый¬лығымен марапатталған. Жекеле¬ген көркем дүниелері ағылшын, түрік, әзер¬байжан, башқұрт, қарақалпақ, т.б. халықтар тілдеріне аударылған. Моң¬ғолия жерінде қойылған бір ғана «Бөрте» пьесасының өзімен қалың қауымның қошеметіне бөленіп, сол замат Баян-Өлгей өлкесі «Құрметті азаматтығына» ұсынылуының өзі қалың қазағының мұңын арқалаған қаламгер жандүниесінің кіршіксіз шынайылығын аңғартса керек.
Кешелері, елге келген сапарында Қаратаудың етегіндегі Қыраш елді¬мекенінде дүниеге келген жазушының балалық шағы туралы естеліктеріне ой қанықтыруға мүмкіндік алғанымызды көңілге тоқ санап қана қоймай, көпшілікпен бөлісуді құп көріп отырмыз. Сонымен...
Атасы Жұматтың бауырында өскен немересі болғандықтан тоғызыншы сыныпқа дейін қасында жатыпты. Сөздің құнарына құлағы қанық, бар дүниеге байыпты көңіл қойып өсуіне, бәлкім осы ата тәлімі себеп. Олар өзінше бір жатқан өмірдің мектебі ғой.
Жасы 98-ге келіп өмірден озған атасының жаназасында ол кісінің кін¬дігінен өрген ұл-қыздарының басы біршама елді құрап қалған екен, әкесіне садақа ретінде еркектерге 10 сомнан, әйелдерге 5 сомнан ақша таратқан. Немерелер жағына да уыстап тиын шаштырғанында қарабақырдың арасында күміс теңгені өздері ыңғайлап, жапа-тармағай бас қойған көпшіліктен бұрын жып еткізіп қағып алып, қалтаға қымқырғаны да бір қызық дәурен екен ғой.
Жетінші сыныптан бастап «Комму¬низм жолы» газетіне мақала жаза бастапты. Газет редакторы Адырбек Сопыбековтің қолынан «Белсенді тілші» грамотасын алғаны да кешегідей есінде. Орта мектепті бітірген соң КазМУ-дің журналистика факультетіне құжат тапсырған Ертай Бекқұлов екеуінің бағы жанды. Бірінші курста жүрген кезі, бір күні Тұрымтай апайы осы мамандыққа келу мақсаттарыңды түйіндеп, мақала жазыңдар деп тапсырма берді. Аз-кем ойын жинақтаған бұл бұрқыратып жазуға кірісті де бірінші парда-ақ жазбасын тапсырып шықты. Келесі күні сабақта ұстаз группадағы 25 баланың 3-4-уінің ғана жазғаны көңілінен шыққанын, соның ішінде әсіресе бір баланың ғана еңбегіне қатты риза болып, тіпті «Абай жолынан үзінді оқығандай болдым» деуі бүкілін сілтідей тындырды. Дикциясы жақсы Қынабай Аралбаев деген студент бар еді, тақтаға шығарып, шығарманы оқып беруге қолына ұстатты. Ол әуелі тақырыбын саңқ еткізді: «Жұмысшы күрекпен тілдеседі, журналист жүрекпен тілдеседі». Жолтайдың жүрегі лүп етті. Мақаласын мәнерлеп оқытып, апайының берген жоғары бағасы келешегіне кәдімгідей сенім арқалатып, көңілін көтеріп тастады. Арада апта өткенде Елгезек Әзбергенов Оралхан Бөкеевті жас түлектермен кездесуге алып келіпті. Бұл туралы жазушының өзі: «Өзіміз сыртынан жақсы білетін атына қанық «Жас Алаштың» тілшісі: «Сендерге 45 минут қана уақытым бар, сұрақтарың болса қойыңдар» деп төтесінен бар-ақ кесті. Шашын сілкіп, тоқтамай сөйлейтін шешен екен, аузымызды ашып тыңдап қалдық. Оның «Елдің бәрі есіктен енеді, жұртты таң қалдырам десең терезеден секір. Өмірде ерекше қасиетің болсын» деп айтқан сөзі бізге айрықша әсер етті. Бір кезде мені көзі шалып қалып, «Ә, қара бала, тұр орныңнан, кеше Жазушылар одағында мына тентек оқшау ойын ірікпей төгіп кетті, өзім таң қалдым, осы мінезінен танбаса бұдан мықты жазушы шығады» деген сөзі көңіліме және бір желікті кіргізіп, кәдімгідей жалым күдірейіп қалды» деп әңгімелейді.
Тұңғыш кітабы бесінші курста жүргенінде «Біздің команда» деген атпен шығыпты. Ә, алдында 1 курста жүргенінде балалар шығармашылығына арналған байқау жарияланып, 75 шы¬ғар¬маның ішінде мұның «Ала торғай» әңгімесі жүлделі орынға ілік¬кенін ұмытып барады екенбіз ғой. Жюри төрағасы Мұзаффар Әлімбаевтың «Мынау дайын жазушы ғой» деген бағасы мерейін тасытыпты. «Ала торғай» әңгімесінің бас кейіпкері – өзі. Шопандарға «водавозымен» су таситын Елтай ағасының машинасына мінген. Терезеден ұшып кіріп жан сауғалаған торғайдың соңынан қуған ұсақ құстарды аулап жейтін қырғидан қашып тығылғаны белгілі болды. Елтай ағасының: «Ұстап отыр. Нұрланға жіпке тағып ойнауға беріп қояйын» дегеніне іші қылп ете қалды. Бұл бейшара адамнан пана іздеп, бауырына тығылғанда біздің қамқорымыз осы ма? Елеусіз терезені ашып, кеңістікке қоя берді. Ағасына айрылып қалдым деп айта салды.Осыны көркем әңгімеге айналдырды. Іле-шала «Күн тәртібі» деп аталатын екінші кітабы жарық көріп, қатарынан атын оздыр¬ды. Мектепте жүргенінде облыстық «Ленин жолы» газетіне «Кеттік, бала» деген сын материалы шыққаны да бар. Еріккеннен емес. Апта аралап келіп тұруға тиіс ауылға кино қоятын ағайларының қара көрсетуі қиындап кетті. Негізі оның автоклубын басшылық Бірлік совзозының рабочкомына қосымша беріп қойған ба, сол кісі мініп алып, анда-мында шапқылай беретін болса керек. Бірде «Кеттік, бала» деп көліктің басын Түркістанға бұрып құйғытып бара жатқанын байқаған бұл батыр осының барлығын қағазға түсіріп, облыстық газетке салыпты да жіберіпті. «Кеттік, бала» деген тақырыппен газетке шыққан мақала аудандық партбюрода қаралып, жедел авторын шақыртқанда есіктен тосырқай енген мұны көріп: «Әй, үлкен адам ба десем, тым жас бала ғой, нешінші класта оқисың? Айналайын, бара бер, киноң болады» деп өздері жік-жапар болған басшылар уәдесінде тұрды. Бірақ сол оқиғадан кейін рабочком Асанның аты ауылда «Кеттік бала» атанып кеткені ғана обал болды. Қазір де ауылға барғанында Асан көкесін көрсе «Ата, кеттік па?» деп қалжыңдайтыны бар. «Ә, қу бала, сенің еншілетіп кеткен атың ғой» деп күлетін де қоятын сексенге келген қарияның ренжімейтіні ғажап. Шын сынды көтере білу де мәрттік қой. Бүгінгінгінің бойында бұл қасиет те кемшін-ау.
Бүгінде алпысты толтырып, өткеніне ой жібергенінде баяғы Қаратау етегіндегі сайын даладан бойына өшпестей сіңген өжет мінез, өркеуде қасиеттің жуас болмысына әлі де қорған болып келе жатқанын шын бағамдап, сол бір қараша ауылға қарыздар пейілмен артына көп қарағыштайтын болыпты. Азат ойдың әруағын шақырғанда қиялы көгөрім кездің көгін кезіп, керемет сағынышты бастан кешеді. Бала болмысына сіңген бояуы бедерлене келе санада жарқ еткенде қаны қызып, қаламы жүретіні бар.
Алматыда партия мектебін бітіріп, Президент баспасөз қызметінде жүр¬генінде мемлекет басшысының елге арнаған талай мұғдарлы уәжі қолынан өтті. Елбасының аузына салған «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қасиетті сөз тіркесінің өзі қазақтың рухын тік көтергеніне күмән жоқ.
2019 жылы Ақпарат министрлігі «Тәуелсіздік толғауы» деген жабық бай¬қау жариялап, соған орай «Қайырымды қаланың қарлығаштары» деген пьеса жазды. Әбу-Насыр Әл Фарабидің «Қа¬ла көркі тазалығымен, сәулетімен ғана ерекшелену аз, адамдары бір-біріне мейірімд, ықыласты болу керек. Көшеде жүріп-тұру, сөйлеу, бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген болу керек. Сонда ғана қайырымды қала дейміз» дегеніндей, шығарманың басты кейіпкерлері – екі жігіт – бірі суретші, бірі ақын, «Мен бүгін түс көрдім, – дейді бірі. Түсімде Әбу-Насыр Әл Фарабиді көр¬дім. «Сенің көркемдеп жатқан аста¬наң қайырымды қала болады. Сендер соның өркендеуіне үлес қосыңдар» деді. Қарашы, Абылай атамыз армандап, бірақ жете алмай кеткен үш тілегінің бірі қала салу еді. Біздің соған қолымыз жетті. Енді қазақ астанасын өзі салды. Қала қайырымды болу үшін Фараби айтқан қағидалардан бөлек Яссауи бабамыз айтқан иман шарты болу керек. Адамдар дінге ұйып, құдайдан қорыққанда қоғамда қатыгездікке орын қалмайды» дейді. Осы идея тұтастай пьесаның өн бойында шықылықтаған қарлығаштар тіршілігімен толықтырылып отырылады. Қарлығаш – мейірімділіктің символы. Ал ол кез келген жерге ұя салмайды. Қарлығаш өзіне қорған бола алатын, мейірім байырқалаған босағаға ғана ұя салады. Ол ұя салған жердің берекесі мен дәулеті артып, несібесі молаяды.
Бір қынжыларлығы, пьесаны қойған режиссер сценадан қарлығашты алып тастапты. Тілі жоқ мақұлықтардың қажеті қанша деп ойлапты. Табиғатта тілін түсінбегеніңмен тіршілік етуге сенен да артық қақы бар қайырымды қанша жаратылыс бар. Қарапайым адамды былай қойып, өнер өкілінің өре таяздығына не дерсің? «Ау, шырағым, пьесаның негізгі идеясын беріп тұрған қарлығашты алып тастаған соң ол өлі дүниеге айналмай ма?» деп жүріп қарлығаштарды қайта тірілтті. Өзінің жазған дүниелерін сахнада тамашалап отырып, көп кемшіліктерін тауып, заматында қосып отыратын болған Шекспир тіпті кейде ет қызуымен актерлермен бірге ойнап кетеітін болған екен. Жолтай Әлмашұлы да әр дүниесін көңіл таразысынан өткізіп, кемшін тұстарын театр сахнасында актерлар ойынын зерделей отырып жетілдіріп, әрлеп, әдемілеп, шынайылыққа жақын¬датуға барын салады екен. 2015 жылы Англияда Шекспирдң туған жерінде болып қайтыпты. Шағын ғана қала екен. Шекспир тұрған үйінде болып, тұтынған заттарын ұстап көргенде өзгеше әсерде болғанын да жасырмады.
Қаламгер қазақ үшін шаңырақтың қасиетті екенін жақсы біледі. «Қазақтың ой-арманы шаңыраққа топтасуы керек. Шаңырақтан аспанды көреміз, жұлдыз¬дарды көреміз. Халық осы құндылығын қастер тұтуы керек» дейді ол.
Қаламгер – өз заманының суреткері. Әлем ала-құлалықтан тазарып, өркени¬етке қадам басуы үшін ғылымның ал¬ға озуы аз, табиғи таным-түсінігінміз тазарып, жеке басы құндылықтарымызға құрметпен қарауды меңгеруіміз керек екен. Жолтай шығармаларының өн бойында осындай философия, ой-ниет аңғарылады. Оларды талдап, таразылап жеткізуде тағы да бала көңіліне жақсы таныс алыс ауылдағы абыз қариялар мен ақылгөй аналарды, қоңыртөбел күн кешсе де намысын қолдан бермес әділ жандар мен қос үйді қоса қондырмайтын қоқырсық қиял, қуыс кеуделерді бір-бір кейіпкер ете отырып, адам-пенде өлшеулі ғұмырындағы мәңгілік бітіспес майданға өз көзқарасы тұрғысынан үкім айтады. 2022 жылы жарық көрген «Қазіргі қысқа романдар» үлгісімен жарық көрген «Қаратау қаһары» кітабы оқврманға осындай тың идея, мағыналы мазмұнымен қымбат. Кітаптағы «Қария мен құмырсқа» роман-ирониясында қиыр шетте ғұмыр кешкен қарттың өмірі мен тіршілік түйткілдері, жас ұрпақтың сан құбылған болашағын санасына сыйдыра алмаған күйі көкөрімнің тағдырын ойлап, күйзеліске түсумен өмірден озуы және сол отбасына келін боп түскен қыз тағдыры арқылы қала мен дала өмірі арасындағы һәм шынайы өмір мен қиял кеңістігіндегі кереғарлық пен қақтығыстарды кең толғайды. Ал «Қаратау көкжалымен қоштасу» романында ел анасы Қоңыр-Бегім кейуана өмірі арқылы оның бүгінгі ұрпақтарының әртүрлі мінездері мен ішкі күйзелістерін бейнелеу арқылы мезгіл мінберіне адамзаттық мәселені көтереді.
Жолтайдың әр туындысы түрен түс¬пеген тың қазына. Оның кілтін таба білу түйсікті ұрпақтың еншісінде.
Баян ҮСЕЙІНОВА,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі