№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Алғашқы қарлығаштар, алқызыл қызғалдақтар

Алғашқы қарлығаштар, алқызыл қызғалдақтар


Туған жеріміздің денсаулық саласында 64 жыл тер төккен адаммын. Еңбек жолымды 1958 жылы «1 май» колхозында фельдшер болып бастаған едім. Жоғары білімді дәрігер саусақпен санарлық. Орта буынды мамандардың өзі жетіспейді. Ауыл-ауылда ауруханалар аз. Сол себепті өкіметіміз алыс елді мекендерде медицина қызметкерлерін дайындайтын медучилище ашуға шешім  етіп, сол уақытта ауданның бас дәрігері Егенберді Әмитовтің еңбегі арқасында Жаңақорған ауданында дәрігерлік медучилище ашылды. Бұл – 1971-1972 жылдар болатын. Бастапқыда Абдреймов Сұлтанбек басқарды оқу орнын. Ол кісіден кейін дәрігер невропотолог Әбласан Әбсаттаров басқарды. Біздің Бірлік ауруханасында жұмыс жасайтын бес медсестраның орнына оныншы сыныпты бітірген қыздарды қабылдауға тура келді. Алыс елді мекендердегі медпункттерде маман болмағандықтан Жаңақорған медучилищесін бітірген орта буынды медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдап, қайнаған еңбекке араласып кетті. Сөйтіп, аудан бойынша біздің аурухана да мамандармен толықты. Медучилищеде қыздарға сабақ беретін оқытушылар – ауданға белгілі дәрігерлер Сұлтанбек Әлқожаев, Өтеп Бердиев, Бектұрсын Нысанбаев, акушер-гениколог Мария Жұмағалиева, Зұлхарнай Искаков сынды азаматтар еді. Көбі бүгінде марқұм болып кеті. Сол училищені бітірген көптеген қыздар Бірлік ауруханасында дәрігерлік пункте жұмыс істеуге қа­былданды. Жаңақорған медучилищесін бітірген қыздардың білімі мен іскерлігі өте жоғары болды. Сол уақытта сабақ берген азаматтарға – дәрігерлерге үлкен алғыс айтқым келеді.
Бірлік ауылында ауруханада жұмыс жасаған үш қызды (суретте) ерекше айтқым келеді. Олар: фельдшер Мәрия Бердиева, көп балалы ана. Көп жыл ауруханада балаларға егу шараларын жүргізіп, зейнетке шыққан. Оның ізін жалғаған ұлы – Нұрлан Сопбеков те бүгінде дәрігер. Екінші медбике қызымыз – Сәуле Бекмұрзаева да бүгінде алтын құрсақты ана. Оның ұлы Азамат Бірлік ауылы әкімі болып қызмет атқарып жүр. Сонымен қатар, Қыраш ауылындағы медициналық пунктінің меңгерушісі қызметін атқарған  Ұлман Әкімбаеваны да ерекше атап өткім келеді. Ол 1949 жылы Қызылорда медициналық колледжін бітірген. Бірлік ауылдық ауруханасында фельдшер болып жұмыс істеді.  Қызы Анар Нахипова дәрігер кардиолог.
Бұның бәрін тізбелеп айтып отырған себебім, осы әйел-азаматтар қарша­дайынан халық саулығы жолында уақытпен санаспай, еңбек етіп, сол жолда жастығын да, жалынын да берді.  Осы қарлығаштардың қызғалдақтай ғұмырлары менің көз алдымда әлі сайрап тұр. Бүгінде сол қияпат бейнеттерінің жемісін көріп отырғанына бек қуаныштымын.
Қарындастарымды, замандастарымды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттық­таймын!
Әлімхан Баубеков,
медицина саласының ардагері
09 наурыз 2022 ж. 603 0