№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бесіктен неге безіндік?

Бесіктен неге безіндік?


Бесікті құт санайтын, қадір тұтатын халқымыз көз тимесін, пәле – жаладан аулақ болсын деп, бесікті еш уақытта ашық қалдырмай, жоғарыға алып қойған емес пе? Жақында қоқыста жатқан бесікті көріп, жүрегім тарсылдап, бір орында қақиып тұрып қалдым. Байқаймын, кейінгі кездері жас аналардың көпшілігі бесікті керексіз етіп, сарайға немесе сыртқа шығарып тастайды. Дүние есігін ашқан сәби бір әулеттің ұрпағы емес пе? Неге оның алтын ұясын, киелі мекенін керексіз етіп, далаға тастайтын күйге жеттік?


Аналарымыз бос бесікті ешуақытта жабусыз қалдырмаған. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қойған. Бала өскен соң, бесікті міндетті түрде төрге, маңдайшаға іліп қойған. Бесіктің теріс жағына отырмаған. Оны саудаламаған. Айтқан бағасына сатып алған. Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын көтермеген, саудаласпаған. Сондай-ақ, халқымыз баласының бесігін біреу сұраса, арнайы ырым-жоралғы жасап, жақсылыққа балап, тек содан кейін ғана жақын туыстарына ғана беретін болған.
Сонымен қатар, қазақ халқы бесік жасату ісіне де үлкен мән берген. Бесікті ғұмыры ұзақ болсын деп, жеті кәрі адамның таяғынан, бай болады деп жеті ауқатты үйдің ат қазығынан, ақылды, шешен болады деп жеті үйдің шаңырақ көтеретін бақанынан, қайратты, батыл болады деп, жеті батырдың сойылынан жасатқан екен.
Иә, бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, төсегі жайлы болады. Бір ырғақпен тербелген бесік баланың денсаулығының мықты болуына, миының дамуына, қол-аяғының дұрыс жетілуіне, тіпті тәлім-тәрбиесі мен мінез-құлқына әсер етеді. «Бесік баласы бек баласы» деп бекер айтылмаған. Бесік жас нәрестенің салмақты да ұстамды болып өсуіне ықпал етеді. Тек, жас аналардың бесіктің қадіріне жете бермейтіні жанға батады.

Айда Жанибекова,
№22 «Балдырған» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

22 қаңтар 2022 ж. 642 0