№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Елбасын ұлықтау – елдікті ұлықтау

Елбасын ұлықтау – елдікті ұлықтау


Тарихтан тағылым алатын болсақ, ХХ ғасырда қазақ ұлты аштық, репрессия, соғыс сынды қиын-қыстау кезеңдері еңсерді. Тар жол, тайғақ кешу сынынан аман-есен өтіп, Тәуелсіздік таңы атты. Енді ХХІ ғасырда берекесі мен бірлігі орнаған елге айналдық. Әрине, азат елдің іргетасын қалап, жүру жолын айқындап, коммунистік қоғамнан нарықтық қатынастарға сәтті көшіріп, «Мәңгілік Ел» мұраты жолында еңбек еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік еңбегін ел мойындайды.
Мұны неге айтып отырмын? Жақында ағарту саласының ардагері Мырзажан Жакиповтың «Елбасының жолы – елдіктің жолы» атты мақаласын оқып, түйдек-түйдек ой түйдім.


30 жыл деген тарихи өлшеммен қас-қағым ғана сәт болғанымен, ғасырға бергісіз биік белесті бағындырдық. Мұның артында Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі жатқаны айдан анық.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында «Адамзат тарихындағы ең айтулы оқиғаларға толы ғасырлар тоғысында елімізді басқару маған үлкен сеніммен қатар зор жауапкершілік жүктеді. Мен өзім басшылық еткен отыз жылға жуық уақыт бойына туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым», – деп тебірене қалам тербеді.
Расында егемендіктің елең-алаңында жағдай қиын болды. Алысқа бармай-ақ, ауыл-аймақ, аудандағы жағдайды да айтуға болады. Жалақы бірнеше айлап кешігіп, жарық пен жылу болмай, қазір мәртебе алған мұғалім мен дәрігер базар аралап, күнкөріс қамын күйттеуге мәжбүр болды. Оны орта жасқа келген әрбір азамат өз өмірінен талай мысалмен дәлелдей алады.
Осындай елең-алаң сәтте шекараны заңдастырып, әскерді құрып, бойды тіктеуге бірден-бір еңбек сіңірген сұңғыла саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев.
Міне, мемлекеттік мұрат жолында аянбай еңбек еткен Нұрсұлтан Әбішұлының есіміне Жаңақорған кентінің көрнекті көшесін беру өте орынды.
Мырзекең жазғандай, бұған Жаңақорған кентіндегі Тәуелсіздік көшесі сұранып-ақ тұр. Келешекте бұл көше ауданның стратегиялық маңызы бар көшесіне айналатынына күмәнім жоқ. Бүгіннің өзінде кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Мәселен, осы көшенің бойында бірнеше құрылыс және азық-түлік сауда орындары, жекеменшік мектеп, мейрамханалар мен моншалар халыққа қызмет етуде. Алдағы жылы Ипподром аумағында жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оған сол маңдағы спорт кешені мен жаңадан бой көтеріп жатқан мешітті қосыңыз. Кенттің бас жоспарында сол маңда аудан әкімдігінің ғимаратын салу қарастырылған. Қысқасы, сәулеті мен дәулеті жарасқан, орталық көшеге айналады. Ал, мұндай көшені ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген өте дұрыс.
Ел ағасы ретінде орынды ұсынысқа үн қату дұрыс деп санадым.
Ал, мұның дұрыс-бұрысын жергілікт атқарушы билік талғам таразысымен өлшеп, оң шешім шығарады деп сенемін. Өйткені Елбасыны ұлықтау – елдікті ұлықтау деген сөз.

Үмбет АБИБУЛЛАЕВ
11 желтоқсан 2021 ж. 314 0