№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Елбасының жолы – елдіктің жолы

Елбасының жолы – елдіктің жолы


Осыдан тура бір жыл бұрын Жаңақорған кентіндегі Тәуелсіздік даңғылын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына беруді ұсыныс етіп, ауданның төл басылымына жазған едім. Бұған жергілікті билік те, ел заматтары да үн қатпады. Бұл қалай болғаны? Елдіктің еңсесін көтеріп, мемлекеттік шекараны шегендеп, Елорданы Сарыарқаның төріне көшіріп, берекелі елге айналдырған сұңғыла саясаткер, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлына бір көшені қимадық па?


Қолыма қайта қалам алып, санадағы түйдек-түйдек ойларды түсірдім.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда билік транзиті заң шеңберінде, демократиялық үрдістерге сай бейбіт жағдайда өтті. Халқымыз сабырлы қалпын сақтап, биліктің ауысуын қалыпты қабылдады. Елінің қамын, бейбіт өмірдің мән-мазмұнын терең ойлаған Тұңғыш Президенттің дана шешіміне халықтың сүйіспеншілігі арта түсті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежіресін бағамдасақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгілікті ісі, байыпты бастамасы сайрап жатыр. Мұның бәрі көлемді монографиялық және ғылыми еңбектерге арқау болатыны сөзсіз.
Елбасының жолы – елдіктің жолы десек, Ұлы далада жас мемлекеттің шекарасын шегендеп, Елордасын өркендетіп, елдің шығысы мен батысы, оңтүстігі мен солтүстігін біріктіретін инфрақұрылым – әуе, темір жол және транспорттық байланыс орнатып, елдік мұрат-мақсаттың жолы айқындалды. «Елбасы жолы» киноэпопеясынан осындай ауқымды істерді атқарған Елбасының қабілет-қарымын, болмыс-бітімін көруге болады...
Өңір-өңірлердің дамуында Тұңғыш Президенттің айрықша ықылас-ниетін көруге болады. Орта ғасырлық мемлекеттердің астаналары орналасқан Қызылорда облысын «Сыр – Алаштың анасы» деп әспеттеп, абыройын асырып, айрықша көңіл бөлгенін жақсы білеміз.
Бүгінде Қызылорда қаласының орталық көшесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміне берілгені де өте құптарлық іс. Міне, облыс орталығынан осындай үлгілі істі біз де іске асырсақ жарасымды болмай ма?
Бұған Жаңақорған кентіндегі Тәуелсіздік көшесі сұранып-ақ тұр. Келешекте бұл көше ауданның стратегиялық маңызы бар көшесіне айналатына күмәнім жоқ. Бүгіннің өзінде кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Мәселен, осы көшенің бойында бірнеше құрылыс және азық-түлік сауда орындары, жекеменшік мектеп, мейрамханалар мен моншалар халыққа қызмет етуде. Алдағы жылы Ипподром аумағында жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оған сол маңдағы спорт кешені мен жаңадан бой көтеріп жатқан мешітті қосыңыз. Кенттің бас жоспарында сол маңда аудан әкімдігінің ғимаратын салу қарастырылған. Қысқасы, сәулеті мен дәулеті жарасқан орталық көшеге айналады. Ал, мұндай көшені ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа берген жарасымды-ақ.
Біздің аудан әкімі идеологиялық мәні бар істерді терең түсінетін, іскер де жаңашыл азамат. Сондықтан біздің ұсынысқа түсіністікпен қарап, іске асуына дем береді деп ойлаймын.

Мырзажан ЖАКИПОВ,
Қазақ ССР Халық ағарту
ісінің үздігі
07 желтоқсан 2021 ж. 304 0