№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік мұрат жолы

Мемлекеттік мұрат жолы


Биыл 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні ретінде аталатынына тоғызыншы жыл. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік қабілет-қарымын, азаматтық ұлық ұстынын, адамдық болмыс-бітімін ұлықтап, елдің қалыптасуы мен дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегін дәріптейтін таңдаулы атаулы күннің бірі. Бұл – ердің мемлекеттік мұрат жолындағы байыпты бастамаларын бағалап, жастарға үлгі ететін дәріпті мереке.
Тәуелсіздік тарихының отыз жылдығына да келіп жеттік. Осы аз ғана уақыттың ішінде қол жеткізген табыстар мен жетіктіктерді, ғасырлар тоғысында жаһан жұртының мықты елдерімен бәсекелесе алатын деңгейге жеткенімізді мақтанышпен
айта аламыз.
Елбасы күнінің атап өтілуінің де өзіндік себебі бар. Неге десеңіз, ел тәуелсіздігі мен елбасы бір-біріне етене жақын, бір-бірін толықтыратын, өзара сабақтас сөздер деп есептеуге болады. Тәуелсіздік десек, ең алдымен ел мемлекеттілігінің негізін
қалаған Елбасы ойға келеді.
Елбасы десек, қиын-қыстау кезеңде елді басқарып, оны бар қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі өркенді дамуға жеткізген Елбасы алдымыздан шығады. Қалың қазақтың мақтанышына айналғанелбасының сындарлы  да салиқалы саясаты  жерімізге тыныштық, жұртымызға ырыс-құт қондырып, береке сыйлады. Осы 30 жылдың ішінде  еліміздің айбынын асырып, айдынын тасытқан ұлы оқиғалар болды. Олардың ішінде, ең байыптысы – шекараны шегендеп, көрші елдермен екіжақты құжаттарға қол жеткізіп, тату-тәтті байланыс орнады. Елдің астанасын Сарыарқаның төсіндегі Есіл бойына аударып, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы ұлттық экономиканың локомативіне айналды. Елорда төрінде халықаралық маңыздағы ондаған іс-шаралар өтіп, елдіктің айбынын асырды. Президенттік билік алмасып, Нұрсұлтан Назарбаев биліктің тетігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. Одан кейін бүкілхалықтық сайлау өтіп, халық өз таңдауын жасап, Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс беріп, Президенттік тұғырға қондырды. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің жетістіктері деуге болады.
Байқасаңыздар, Қазақстан – ТМД мемлекеттерінің ішінде ауызбірлігімен, татулығымен көзге түседі. Өйткені, бауырына түрлі ұлттар мен этностарды шоғырландырып, олармен достығын нығайтып, бірлікпен тату-тәтті тірлікпен өмір сүруі үшін Елбасы қаншама жыл аянбай еңбек етті. Осы тұрақтылық пен ұлтаралық татулық әлемге үлгі.
Мұның барлығы еліміздің халықаралық дәрежедегі беделінің артуына зор ықпал етуде. Мәселен, бітімгершілік, серіктестік, жасампаздық идеяларын жаһандық деңгейде ілгерілету жолында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз деп білемін.
Елбасының: «Елдіктің жеті тұғыры» тұғырнамасы Мәңгілік Ел идеясымен ұштасып, ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті дамудың
кілтіне айналды.
Бұл аманатты орындау әрбір азаматтың асыл міндеті. Онда көтерілген кез-келген басымдық мемлекеттік мұратты шыңға шағарып, өркениет көшінде көш түзеуге септігі тиетіні анық.
Міне, Ұлт көшбасшысы елдің еңсесін көтеріп қана қоймай, әлемге танытқан саясаткер тұлға. Расында Назарбаев пен Қазақстан бір-бірімен ажырамайтын
ұғымға айналды.

Мейрамкүл ӨТЕГЕНОВА,
№22 «Балдырған»
бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
02 желтоқсан 2021 ж. 323 0