№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақ қақпашысы ұлттық құрамаға шақырту алды-ау...

Қазақ қақпашысы ұлттық құрамаға шақырту алды-ау...

Бірақ қосалқы құрамда отыратыны анық. Қазақстан ұлттық құрамасына алғаш рет шақырту алған «Тараздың» жас қақпашысы Мұхамеджан Сейсен Aladop.kz сайтына берген сұқбатында футболға кездейсоқ келгенін айтты. Ендеше мақаланы, сұхбатты толық оқуға кеңес беремін.

- Қайырлы күн, Мұхамеджан. Әңгімеміздің басын өзіңнен бастасақ. Футболға қалай келдің? Неге қақпашы болуды таңдадың?

- Қайырлы күн! Футбол әлеміне қадам басуыма мектеп қабырғасында өткен түрлі жарыстар септігін тигізді. Мектеп командасында ойнап жүргенімде Ильницкий Иван Михайлович мені байқап, өз командасына шақырды. Алғашында алаңда шабуылшы рөлін атқарып жүрдім. Кейіннен өзімді қақпашы ретінде сынап, нағыз позициямның сонда екенін ұқтым. Бәрі осылай басталды.

- Теңбіл доп әлемінде үлгі тұтар қақпашың кім?

- Әлемдік деңгейдегі қақпашылар арасынан айтар болсам Тер Штеген, Ян Облак және Мануэль Нойер! Мен үшін әлемнің үздік киперлері осылар.

- Ресми ойындардан бөлек достарыңмен бас қосып доп тепкен кезде де қақпада тұрасың ба?

- Жоқ әрине. Ресми ойындарда қақпада тұрып жүргенім жеткілікті. Айтып өткенімдей өзімнің бұрыңғы позициямда, яғни шабуылда ойнап тұрамын. Дәл Златан Ибрагимович секілді. (күлді)

- Ал енді әңгімемізді басты жаңалыққа бұрайық. Алда болатын Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарына алғаш рет шақырту алдың. Қандай сезімдесің?

- Шынымды айтсам әлі де сенер емеспін. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Ұлттық құрама сапына барып, ондағы атмосфераны сезінгім келеді. Осы артылған сенімнің өзі мен үшін мол жауапкершілік.

- Қазақстан ұлттық құрамасы өткен ойыннан кейін топтың соңғы орнынан бір-ақ шықты. Біздің жігіттердің топ жаруы қаншалықты мүмкін деп ойлайсың?

- Қазір бізге тоқтап қалуға болмайды. Бұл футбол, барлығы мүмкін! "Ойынды тоқсан минутқа дейін емес, төрешінің соңғы ысқырығына дейін ойнау керек" демекші, соңына дейін күресетін боламыз! Алла қалауымен өз ойынымызды көрсетіп, қарсыластарымызды жеңіп, топтан шығатын боламыз!
05 қараша 2020 ж. 665 0