№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қайырымдылық қайырлы қасиет

Қайырымдылық қайырлы қасиет


Халықтың еңсе тіктеуіне еңбек сіңіріп жүрген азаматтар арамызда жүр. Осы қатарға Әлібек Нәлібаевты жатқызуға болады. Ағамыз қайырлы істерін көпке жария етуді жөн көре бермейді. Болмаса, елдік бағытта елеулі істері баршылық. Әлібек Машбекұлымен өрбіген сұхбат барысында осыған көзіміз жетті.


Ағамыз мейрамхана, май құю бекетінен бөлек ауданның аграрлық және мал шаруашылығы саласының өркендеуіне өзіндік үлес қосып келеді. Иә, «Бақытжан» шаруа қожалығының жетістігі өз алдына.
Жаңақорғанда асыл тұқымды түліктің саны артуына үлес қосуда. Ең бастысы, 100-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ауқымды істі атқаруда іскерлік керек. Бәрінен бұрын, уақытты ырқына бағындыруда әрбір минутта жоспарлы іс атқару міндеті тұр.
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, той тойлайтын емес, ой ойлайтын уақыт келді. Ел экономикасын көтеруде кәсіпкерлердің үлесі артуда. Есесіне Үкімет те кәсіпкерлерді қолдап келеді, – деді ол.
Біз ел ағасының елдік бағыттағы істеріне қанықпыз. Сондықтан сұхбатты азаматтық көзқарасы, парасат-пайымын тану бағытына бұрдық.
Ұққанымыздай Әлібек ағаның қамқорлығын сезініп жүрген адамдар аз емес екен.
Бірер жылды ғана мысалға алайын. Өткен жылы үйі апатты жағдайда деп танылған Нәрзила есімді апаның қонысын жаңартып берсе, биыл Қыраштағы Өтешбек Омарұлына баспана тарту етті. Орталық мешіттің құрылысын демеді. Аудан өнерпаздары мен спортшыларына да талай қаржылай демеушілік еткен азаматтың ел алдында құрметі биік.

Мақпал МАРҚАБАЙ
04 қаңтар 2021 ж. 881 0