№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Тәлімгер тағылымы


Қазір мектепте азаматтардың қатары азайып, ердің сесі мен айбаты жетіспей тұрады. Мұны мойындайымыз керек. №195 мектепте ер мұғалімдер қатары аз емес. Білім ордасының жеңісті жолында оның әсері бар. Сәбит Әбдімүтәліпұлы сондай тәлім-тағылымы бар ұстаз.


№195 мектепте тарих-дінтану пә­ні­нен сабақ беретін ол жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде талмай ізденіп келеді. Ізденісі текке кетпей, аудан, облыс деңгейінде мәдени, спорт саласында тұрлі сайыстарға оқушыларды қатысып жүлделі орындарды алып, мектеп мерейін өсіруде.
– Әр бала әртүрлі отбасында тәрбиеленеді, алайда мектепке кел­геннен кейін ортаға үйреніп сынып­тастарымен қарым-қатынас құру да оңайға соқпайды. Осындайда бала­ның жанын түсініп оған демеу болып, баланың өзіне сенімділігін, білімге қызығушылығын арттыратын мұғалімнің қолдауын бала әркез сезіну керек. Мұғалімнің негізгі мақсаты – білімі мен қабілетін шыңдай отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Әрине, бұл көп еңбекті қажет етеді. Алдыңа келген әр үйдің үміт күткен баласының назарын өзіңе аударып, қызығушылығын арттыру керексің. Өйткені олардың интернет арқылы әлеуметтік желілерге деген қызығушылығы басым. Өз іс-тәжі­рибемде күн сайын білім берудегі жаңаша түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, балалардың қабілет-қарымын ашуға, шығармашылығын дамытуға жұмыс істеймін. Бастысы, алдыңда отырған баланы, өз балаңдай жақсы көре білу қажет, – дейді мұғалім.
Иә, тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен алмастыруға болмайтындығын күнделікті тәжірбиеде көріп отырмыз. №195 мектеп директоры Жанат Жүсіпова еңбекқор ұстаз жайлы пікірін төмендегіше өрбітті.
– Менің ойымша, кез келген адам мұғалім бола алмайды. Себебі ұстаз – тағылымы терең тұлға. Әрі ол бар мамандықтың қыры мен сырын жетік білетін маман иесі. Ал ондай сегіз қырлы бір сырлы болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Олай болса ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс, білікті біліммен бірге қажырлы еңбек ұштасу қажет. Яғни, ұстаз мамандығы ең асыл, ең қасиетті, ең қадірлі адам, дүниедегі мамандықтың төресі деуге болады. Сондықтан да мұғалім болу оңай іс емес. Сабит Әбдімұталіпұлы өте ізденімпаз мұғалім. Ол оқушыларға өз білгенін бар ынта жігерімен үйретіп жүр, – деді мектеп басшысы.
Кейіпкеріміз отбасында бір ұл мен бес қызға тәлімді тәрбие, тағылымды жол көрсетіп отырған әке. Қарашаңырақтың түтінін түзу шығарып, 74 жасқа келген анасының алғысын алып, жары Фатима Жұмабекова екеуі бақытты ғұмыр кешуде.
Біз Сәбит ағамен әңгімелесу барысында, баланың бойындағы кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, баланың өз бетінше білім алып, өзін өзі дамытатындай жағдайда болса деген тілеуқор көңілде екенін аңғардық. Иә, ел жастары түрлі салада адал жұмыс істеп өркендеуге үлесін қосса ұстаз еңбегінің ақталғаны. Біз де өз тарапымыздан ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдірдік.

Әсел РЗАЕВА

10 қараша 2021 ж. 503 0