№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Қаламгерге құрмет

Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық кеңес Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұрмахан Елтайға ұзақ жылғы журналистика саласындағы қызметі үшін «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалімен марапаттады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов, қарымды қаламгер, қайраткер тұлға Оразбек Нұрмахан туған қасиетті Қандөз топырығында дүниеге келген Нұрмахан Назым­бекұлы да атақты ағаларының ізін жаңғыртып келеді.
1970 жылы еңбек жолын қатардағы жұмысшыдан бастап, комсомол коми­тетінің жетекшісі, комсомол-жастар бригадасының бригадирі, бас агроном, совхоз директорының орынбасары ретінде мол тәжірибе жинады. Жастар ұйымының жетекшісі ретінде ауыл жастарын өнерге, спортқа баулумен қатар, олардың кәсіп меңгеруіне жол ашты.
Ол жас айтыс ақындарына жол көрсетіп, айтыс өнеріне баулыған тәлімгер де болды. ХХ ғасырдың 90 жылдары жарқырай шыққан Асқар Дүйсенбиев, белгігі ақын Бекарыс Шойбеков те оны өздерінің ұстазы тұтады. Оның өнегесін алған шәкірттері – өнер, спорт, журна­листика мен әдебиетте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
«Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңа­қорған тынысы») газетінің шттаттан тыс тілшісі ретінде шыңдалған Нұр­махан 80-жылдары басылымның «Көкине» атты сатиралық бетінің редакторы, 90 жылдары арнаулы тіл­шісі болды.
22 жыл бұрын «Сыр бойы» облыстық газеті басшылығының ар­найы шақыртуымен Жаңақорған, Шиелі ауданындағы меншікті тілшісі қызметіне кірісті.
Журналистиканың қыр-сырын мең­герген Нұрекең 2013 жылдан бастап «Шарайна-Сейхун» ақпа­рат­тық-танымдық газетінің директор-редакторы қызметін атқарып келеді.
Қаламгердің алғашқы кітабы осы­дан 32 жыл бұрын баспа көрсе, қазір авторлық кітабының саны 15-ке жетті. «Жаңарған өлкенің жасампаз ұрпағы», «Жәннат жер, жайсаң жандар» және мемлекттік сыйлықтың иегері Сүйіндік Молдалиев туралы «Қияға қонған қыран» атты деректі кітабы және мезгіл мәселелерін баяндаған сын, пікір, сараптамалық «Сөз семсері» жинағы оқырмандар тарапынан жақ­сы баға алды.
Жазушы-сатириктің 2020 жылы жарық көрген «Көкиненің көзі» атты сатиралық жинағы оқырмандар ықы­ласына бөленді.
Әрдайым Жаңақорғандағы жаңа­лықтарға елендеп отыратын жерлес қаламгерді біз де құттықтаймыз.
 Ерубай ҚАЛДЫБЕК
17 қазан 2021 ж. 483 0