№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұстаз жолы – ұлы жол

Ұстаз жолы – ұлы жол


№110 мектеп-лицейінде «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мазмұны жоғары іс-шараға куә болдық. Үздік педагогтардың басын қосқан жиынға аудан әкімі Руслан Рүстемов және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Гүлнар Есқалиева арнайы қатысты. Қонақтар алдымен ауданның білім саласындағы жетістігін дәріптейтін көрмені тамашалаудан бастады.


Тәуелсіздік алғалы білім берудің сапасын арттыруға мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп, жаңа білім ошақтары бой көтеріп, қазіргі зама­науи озық технология үлгілерімен жаб­дықталуда. Жасөспірімдердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына жан-жақты мүмкіндік қарастырылуда. Бұл жолда ұстаз еңбегі ерекше. Ұстаз – құдіретті күш, қасиетті ұғым. Міне, ұстаздар күніне арналған көрмеде осының мән-маңызын таныдық, терең түсіндік. Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов жол бастап, жаңа талап-міндеттерді сапалы орындауға бағытталған көрме жұмысымен таныстырды.
Одан кейін салтанатты кешке ұласып, аудан әкімі Руслан Рүстемов алғы сөз сөйледі.
– Қай кезеңде болмасын әлем елдері өзінің төл өнері мен мәдениеті, әдебиеті мен тарихы, білімі мен ғылымымен бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл құндылықтар мемлекеттік мұраттың асқақ болу­ына тікелей әсер етеді. Ал, осы құн­ды­лықтардың соңғысы ХХІ ғасырда шешуші рөлге айналды. Классик жазу­шымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім».
Біздің халық ежелден білім-ғылымды жоғары бағалап, ұрпағына саналы білім сіңіруге мән берді. Бұл сөзімізге «Ұстаң көштен қалса, көп болса желімді тостақсыз қаларсың. Ұстазың көштен қалса, білімді ұрпақсыз қаласың» деген өсиет дәлел келеді.
Қазіргі ақпараттық заманда жаңалықтар легі толастамайды. Бүгінгі жаңашылдық ертең-ақ өзектілігі болмауы мүмкін Мұндай кезде ұстаздарымыз не істеу керек? Өмірге оқушының көзқарасымен қарап, ақиқат жолын ұстануы маңызды.
Қазір коммуникация кезінде оқу­шылар озып барады. Сондықтан ұстаздар ізденіс пен еңбекті ұштап, өз-өзін дамытып отыруы тиіс...
Аудан мектептерінде робот техника және IT сыныптар ашылып, мультимедиялық сыныптармен жасақталған физика, химия және биологиялық кабинеттер құрылды. Оның дәлелі, жаратылыстану бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытуда көрнекілік құрал болатын «Н1-ТД75» маркалы интерактивті панель тақталар орнатылды, – деді аудан басшысы.
Одан кейін үздік ұстаздарды марапат биігіне шығарып, мерейін асырды. Алдымен сахнаға Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатын» алу ішін №163 мектептің география пәнінің мұғалімі Меруерт Мелденова мен №55 мектептің география пәнінің мұғалімі Гүлім Кемелбекова көтерілді.
Облыстық білім басқармасы басшысының «Құрмет грамотасы» №167 мектептің математика пәнінің мұғалімі Гүлшура Бимаханқызы мен №209 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрлан Ермаханбетұлына табысталды. Басқарма басшысының «Алғыс хатымен» №3 мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Жазира Маметқызы, №193 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаршыға Оспанқызы, Әлшекей өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Гүлсара Сартайқызы, Құралай балабақшасының тәрбиешісі Балнұр Исламханқызы, №5 Балғын балабақшасының тәрбиешісі Гүлжазира Досмағамбетова марапатталды.
Аудан әкімінің «Алғыс хатына» №169 білім ордасының бастауыш сынып мұғалімі Акенже Аймағамбетқызы, №209 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шапагат Мухабайқызы, №195 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Сәбит Абдумүтәліпұлы, №163 білім ошағының математика пәнінің мұғалімі Бақытжан Ғаладинұлы, №16 Жадыра балабақшасының тәрбиешісі Айша Мұхамедқызы, аудандық оқушылар үйі туризм және өлкетану үйірмесінің жетекшісі Зухра Тоқанқызы ие болды.
Ұстаздарды ұлықтайтын мерекелік кеште облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Гүлнар Есқалиева ағарту саласында еңбек етіп жүрген педагогтарды құтықтап, әрі марапаттау салтанатын жалғастырды.
Кәсіподақ төрағасы Гүлнар Бабабекқызы №162 мектептің ардагер ұстазы Хадиша Әнапияқызына құттықтау хатын ұсынды. Ал, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін №239 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қалима Бұхарбайқызына табыстады. Республикалық кәсіподақ төрағасының «Құрмет грамотасымен» №229 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Дариға Асылханқызына және «Алғыс хатты» №110 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ғалиябану Сейтқасымқызына берілді.
Марапаттау рәсімі жалғасын тауып, Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» №54 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Мәдина Сырлыбайқызы және аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Елшібек Меңлібекұлы марапатталды.
2020-2021 оқу жылында «Алтын белгі» белгісін алған оқушылардың алғашқы ұстаздары Шымкент қаласындағы «Біркөлік» демалыс орнына жолдама тапсырылды. Олар: №51, №125, №110, №164, №180, №213, №208, №229, №245 білім ордасының бастауыш сынып мұғалімдері Индира Райымқұлова, Гүлмира Айтжанова, Назгүл Шорабекова, Айнаш Бахарамова, Дариға Сайдакбарова, Жанаркүл Юсупова, Айгүл Сарсен, Сұлу Мақұлбекова, Жамила Тілеубергенова.
Ұстаздар күніне арналған жиынға ардагер ұстаздар Зинабдин Шермағамбетов пен Серік Мұсабай арнайы қатысып, мехнаты ауыр ұстаздық өнер жолындағы ізбасарларына сәттілік тіледі.
Министрдің «Құрмет грамотасын» алған Мәдина Рысованы сөзге тартқанымызда:
– Аудандық білім бөлімі биылғы мерекені ерекше өткізіп, ауқымын кеңейте түсіпті. Аудан басшыларына алғыс білдіремін. Қазір адами капиталды дамытуға бағытталған басымдықтарды сезініп келеміз. Ұстаздар қауымының жалақысын көтеріп, арнайы заң қабылданды. Мұның бәрі мұғалімнің мәртебесін асырды. Осыдан бірнеше жыл бұрын шәкірттеріміз заңгерлік, мемлекеттік басқару және т.б мамандыққа басымдық берсе, қазір ұстаздық жолды таңдайтындар көбейді. Мұның бәрі ұстаздарға көрсетілген қамқорлықты көрсетеді, – деп жауап қатты.
Расында, ұстаздар қауымы мемлекеттің қамқорлығын сезініп келеді. Мұның айқын дәлелі, биыл екі әріптесіміз ұстаздар қатарына қосылып, ақпараттық қызметті бала оқытуға ауыстырды...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
12 қазан 2021 ж. 632 0