№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Таңбалы тастар тарихтан сыр шертеді

Таңбалы тастар тарихтан сыр шертеді


Таңбалы тастағы әрбір сурет ата-бабаларымыздың ой-санасының қаншалықты биік болғанын көрсететіндей. Сурет өте анық, қай жағынан қарасаңыз да анық көрінеді. Күн мен айға табынып, оны ұлы күш, құдірет деп түсінген адамдардың санының 12 деп бейнелеуі тегін емес. Оған адам жасының әр мүшелін 12 жаспен өлшеп, әр жылды 12 аймен теңейтіні дәлел бола алады.


Сондай-ақ жартастың бетіндегі аша тұяқты аңдардың бейнесіне аса сақтықпен көз тіккен арқар, киік, бұғы мен қолына садақ ұстап, аң аулауға шыққан аңшы бейнесі, тағысын тағы суреттер өте ертеде өмір сүрген адамдардың ұшқыр қиялына арқау болған секілді. Ерте замандағы аңшылар таңбалы тасқа арқар мен бұқаның, аттар мен құландардың, көптеген бұғылар мен түйе малын да бейнелеген. Бұл көшіп-қонып жүрген­де малды негізгі кәсібіне, күнкөріс көзіне айналдырғанының дәлелі. Тастағы жәдігерлер осылай деп сыр шертеді.
Таңбалы тас Бетпақдала саха­расының ортасын қия кесіп, ұзыннан созылған таңбалы тікжартас, Сарысу өзеннен 20 км жоғарырақ, қызыл жыңғыл орманына қарама-қарсы, Биік Нұраның іргесінде орналасқан. Мұндағы тас өте жұмсақ болғандықтан, жазуға да сондай қолайлы. Сондай ақ Орталық Қазақстан қоныстанған тайпалардың тасқа жазып түсірген мыңдаған таңбалары және ел бас­қарушылардың қол қойған аттары, ұрандар,тасқа қиып түсірген әдемі өрнектер, «қошқармүйіз», «түйетабан», «кісінің ізі», «аттың ізі» т.б. таңбалар көптеп кездеседі.
Таңбалы тастың зор атаққа ие болу себебі бұл жер қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған жері. Тарихи тастар бабалар мен ұрпақтар арасын байланыстырушы. Өткен заманның жаңалықтарын айтатын хабаршы. Тек сол жаңалығының жұмбақтары өте көп «Таңбалы тастар» Жезқазған өңіріндегі Ұлытау, Алашахан кесенесі, Теректі-Әулие жерлерінде кездеседі. Академик Қаныш Сәтпаев «Жезқазған ауданының тарихи ескерткіштері» атты мақаласында ескерткішке ғылыми анықтама берді. 1950 жылдары академик Әлкей Марғұлан Орталық Қазақстанда барлау жұмыстарын жүргізіп, бірқатар ескеркіштерге ғылыми талдау жасады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері, әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамыз марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық.
Аудандық музейдің директоры, өлкетанушы Набихан Шалаповтың сөзінше, таңбалы тастар Қазақ жерінің барлық аймақтарында бар. Соның бірі Сырдың бойындағы Қаратауда да бейнеленген. Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің тарихы Қаратау сілемдеріндегі жартастар бетіне қашап, ойып салынған адамдар мен жануарлар тұрпатты петроглифтерден бастау алады.
Адам басласының алғашқы қау­ымдық құрылысы – тас дәуірі (б.з.д. 1 мил. 800 мың ж. – б.з.д 4 мың ж.) одан кейінгі қола дәуірін (б.з.д ХҮІІ-ІХ ғ.ғ.) және темір дәуірін де (б.з.д. ҮІІІ-ІҮ ғ.ғ.) басынан өткізгендігінде дау жоқ.Аң аулап жатқан қасқырдың, түйе мен тауешкілердің суреттері де көне дәуірдің тұрмысынан хабар беріп тұрғандай.
Қазақстанның қазіргі аймағында қырма өнерінен шыққан ежелгі ескерткіштер орналасқан. Петро­глифтер яғни қырма суреттер бейнелі өнер түрі Қазақстан аймағында ежелде пайда болған. ХІХ ғасырдағы Семиречье мен Оңтүстік Қазақстан петроглифтер шоғырланған ірі аудан­дар болып саналды.
Таңбалы тастың қай ғасырда салынғаны белгісіз. Таңбалы таста түркі дәуірінің ту ұстаған атты адамы бейнесі де кездеседі. Таңбалы қола дәуірінен түркі дәуіріне дейінгі баба­лардың «Мәңгілік ел» орнату жолы бейнеленген рәміздер жүйесі деуге болады. Мысалы жартастағы бөрілі байрақ көтерген, ту желбіреткен салт атты бір топ жауынгердің бейнесі елдік пен ерлікті паш етіп тұрғандай. Міне осындай құнды мұраны қастерлеп, кейінгі ұрпаққа сол қалпында жеткізу бүгінгі күннің басты талабы. Кешегі тарих баянды болашағымыздың кепілі.

Айкерім МӘДИҚЫЗЫ

18 тамыз 2021 ж. 1 041 0