№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаратау, сен маған қымбатсың!

Қаратау, сен маған қымбатсың!


Қаратау, сен менің тарихымның бір бөлшегісің! Ондағы тарихи атаулар елдіктің белгісі іспеттес. Ал тау-тасындағы таңбалар көне замандардан сыр шертетін қазына. Қазына демекші, таудың асты-үстіндегі қазына елдің дәулетін арттыруде шешуші рөл атқарып келеді. Қысқасы, Қаратаумен мақтанамын!


Тау қойнауында тас дәуірінен бастап адамдар мекендеген деген деректер бар. Оған дәлел, жартасқа қашалып салынған таңбалы суреттер. Тас беттеріне жылқылар мен таутекелер, салт аттылар мен жыртқыштар бейнеленген. Бұл суреттер арқылы сол замандағы көшпелі тайпалар өздерінің дәстүрлері мен діни түсініктерін, аңшылық өнерлерін сурет арқылы бізге жеткізгісі келген сияқты.
Қаратаудың бұлақтарынан басын алатын Шалхия, Ақүйік, Бесарық өзендерінің бойындағы шатқалдардан таңбалы тастарды табуға болады. Соның бірін Ақүйік өзенінің бойындағы тастардан байқағаным бар. Елеусіз жерге салынған таңбалардан түйе, арқар, жылқы және т.б суретін көруге болады. Тастағы таңбаларға зер сала қарасаңыз, қай дәуірде салғанын ажыратуға болатындай. Мәселен, жылқыға мінген адамдар қола дәуіріне тән деуге болады. Үйір-үйір болып жүрген жылқылар тас дәуірінің аяғын бейнелейтіндей. Себебі ол кезде жылқыны әлі қолға үйрете қойған жоқ. Әсілі, тау-тастағы жазуларды зерттеп, зерделеп, көне заманғы Ұлы даланың тарихын жазуға болады. Қаратаудағы жазуларды көріп көңілге осыны тоқыдым.
Мыңжылдықтар көшінде Қаратау қаншама ұрпаққа сая болды. Берісі жоңғар шапқыншылығы кезінде тау ел-жұртқа пана болды. Оған Ақүйік өзені бойындағы Қатынқамал үңгірі дәлел. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген мұңға толы өлең жолдары Қаратау құпиясының бір бөлігін ашатындай.
Расында, Қаратаудың әрбір тасы құпияға толы, тарихымен қымбат.
Ал бағалы рудасы стратегиялық маңызын тіпті арттырып жібереді. Ондағы ондаған тас өндейтін зауыттар, түсті металды өндейтін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ және т.б айтуға болады. Одан бөлек, мал шаруашылығын дамытуда таптырмайтын шөбі шүйгін, суы балғын мекен.
Қысқасы, Қаратау, сен маған қымбатсың! Мен сенімен мақтанамын.

Айжан ЫДЫРЫС
22 шілде 2020 ж. 1 063 0