Елбасы құрдасы екпе салдырды
Індет жас талғамайды, оған былтыр көзіміз жетті. Қаншама аға буын, елдің игі жақсылары арамыздан алыстап кете барды. Енді бірінің көрер жарығы бар екен, дәрігерлердің арқасында ортамызға оралды. Осы бір ауыртпалықтың азабын көрген егде тартқан ақсақал, қарияларымыз да індетті ауыздықтау жолында екпе қабылдауға көшті. Өйткені, вирусты еңсерудің жалғыз жолы – вакцина салдыру. Яғни ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың тиімді, әрі жалғыз әдісі – вакциналауда. Халықпен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та екпе салдырып, жастарға жол көрсетті. Сол секілді Сүттіқұдық ауылының тұрғыны 81 жастағы қария Әлібай Айдарбеков екпе қабылдауды жөн көріп, вакцинаның алғашқы компонентін алды.
Арнайы ат басын осы елді мекенге бұрып, сексенді еңсерген қарияның жағдайын білуге бардық. Ауыл әкімі Мақсат Абдуллаев жол бастап, алдымен ауыл тынысын бағдарлап, мән-жайды түсіндірді.
– Ауылда экономикалық белсенді 850 тұрғын болса, соның 450-ден астамы екпе алып үлгерді. Соңғы күндері вакцина салдыру келгендердің қатары көбейе бастады. Кезекті жұмыс күні кешкісін Әлібай қария хабарласып, екпе қабылдауға көлік жіберуді өтінді. Дәрігерлер дереу ақсақалдың жағдайын тексеріп, екпе салдыруға келіскенін, денсаулығы көтере алатынын айтты. Шүкір, қариямыз аман, күнделікті дәрігерлер бақылауында болады, – деді ауыл басшысы.
Мән-жайға қанығып, атамыздың үйіне келдік. Есік алдынан қонақтарды өзі күтіп алып, төрге оздырды. Жағдайы жақсы, балдаққа сүйенсе де, екпе кері әсерін тигізбегенін айтып, көңілденді. Сөзін Елбасынан бастады.
– Түйдей құрдас Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы екпе алды деген соң мен де салдыруға бел будым, – деп күлді де, сөзін одан әрі жалғады:
– Балам, былтыр апаң екеуміз де осы бір ауыр кезеңді өткердік. Төсек тартып, ауырғанымыз рас. Алайда дәрігерлер алты айға дейін иммунитетіңіз күресе алады деп қуантқан еді. Дегенмен денсаулық өзімдікі, «Спутник V» екпесін салдырдым. Ауру да, вирус та жас талғамайды. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдаланып, вакцина салғанымыз жөн. Бұл өзіміз, жақындарымыз үшін маңызды. Естіп те, оқып та жүрмін, екпеге қарсы шығып, түрлі қисынсыз ақпараттар желдей өріп жүр. Әркімнің өз еркі, бірақ бұл ойнайтын дүние емес, – деп қысқа қайырды.
Иә, жөн айтады, атамыз әлі де қоғаммен бірге, ауылдың тыныс-тіршілігін бағдарлап, ізінен ергендерге жол сілтеп, халықшыл істерге алғыс айтып отыратын 80 жастан асқан қадірменді қария. Саналы ғұмырында инженер-технолог, механика, жалпы совхоздың өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып, тамшы тер төккен сала ардагерінің арманы елдің амандығы, індеттің елден кетуі. Апамыз Зейнегүл Жәдігерқызы 10 ұл-қыз өсіріп, немере-шөбере сүйіп отырған жан. Сөз арасында: «Апаң батыр ана, осы әдемі қартаюдың сыры осы кісінің арқасында», – деп қояды әдемі әзілмен әңгімесін әрлеп.
– Атамыздың жағдайы бірқалыпты, екпе салдырмас бұрын денсаулығын тексеріп, екпе қабылдауға қабылетті екенін ескердік. Күнделікті үйіне келіп, тексеріп тұратын боламыз. Жалпы ауылда екпе ектіруге деген ынта күн өткен сайын арта түсті, өйткені вакцинаның пайдасын біле бастадық. Сондықтан, бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың ең тиімді тәсілі, – деді ауылдық аурухананың жоғары дәрежелі жалпы тәжірибелі дәрігері Динара Сейдеметова.
Айта кетейік, Динара Сейдеметова жақында облыс көлемінде «Үздік ауыл дәрігері» деген мінберге көтерілді. Бұл абыройға Динара дәрігердің сіңірген еңбегі, қалтқысыз қызметі ұшан-теңіз. Оны тек ауыл тұрғындары ғана емес, жайылмалық жұртшылық жақсы біледі. Өйткені ол тек Сүттіқұдық халқына ғана емес, Жайылма тұрғындарына да қызмет етіп келеді. Ауылдық фельдшер–дәрігері қызметін қатар арқалап келеді. Міне, осындай білікті дәрігердің бақылауында жүрген Әлібай Айдарбековтың айтар алғысы зор.
Жалпы Жаңақорған ауданы ахуалы қандай? Бұл жөнінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Шынар Айдарова хабардар етті.
– Осы жылдың 28 маусымына дейін коронавирусқа қарсы 13021 адам вакцинаның 1-ші дозасын алды. Ал, 6899-ы екпенің екінші дозасын алып, вакциналанғанын растайтын электронды құжатқа ие болды. 27 маусым күні аудан бойынша екпенің 1-ші дозасы 610 тұрғынға егілді. Екінші компонентін 82 адам қабылдады. Қазір бізде «Спутник V» және «CoronaVac» сынды екі түрі бар. Тағы айта кетейік, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға толық екпе алу маңызды, – дейді ол.
Ал, Сыр өңірі бойын 26 маусым күнгі мәлімет бойынша, бірінші компонентпен 143 849 адам салдырса, екінші дозасын 77 109 тұрғын қабылдапты. 28 маусым жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында Қызылорда облысы сары аймаққа өтті. Егер екпе ектіруді тездетпесе қызыл аймаққа еніп, карантин шаралары қайта күшейеді. Бұл маусым, нағыз тіршіліктің қыж-қыж қайнайтын уақытында тірліктің тұрақталуына әкеліп соғады. Әрине, мұндай шектеу қазір ешкімге керек емес. Сондықтан вакцинаны жылдамдатқанымыз жөн. Бұл мамандардың айтар ұсыныыс, нақты межесі мен міндеті.
Сөз соңында айтарымыз, 80-нен асқан қазыналы қарияларымыз ел амандығы үшін жасаған жолынан жаңылмай, ертерек қам жасауға тырысайық. Әлібай Айдарбеков атаның да айтары осы.
Әлібек ТЕМІРБЕК